ҚР Қарулы Күштері «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімінде 400-ден астам жас сарбаз ант қабылдады. Сарбаздар алдымен 1 ай бойы оқу жаттығудан өткен. Енді жас өрендер сап түзеп ел тыныштығын күзетпек. Ант қабылдап, Отан алдындағы борышын абыроймен атқаруға келген әскерилер жайлы әрептестерім тарқатсын.
Ант қабылдау рәсімі – әр сарбаздың өміріндегі маңызды белес. Жауынгерлер әскери жарғы, қарумен жұмыс істеу, саптық дайындықты меңгеріп үлгерген. Енді олар Отан алдындағы борышын адал атқаруға кіріседі.
Жаннұр Сатқынов, ҚР ҚК «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 ә/б командирі:
Ата-аналар, құрметті офицерлер мен сержанттар, отан қорғаушылар. Бүгін біздің бригадамызда тарихи сәт. Жас сарбаздар Отан алдындағы борышын ресми түрде қорғауға қасиетті әскери ант қабылдауда. «Шығыс» ӨҚ атынан және бригада командирлерінің атынан жас сарбаздарға тілерім. Үлгілі әскери қызмет, темір дей тәртіп және кәсіби дайындық.
Ант қабылдаған әрбір сарбаз енді бөлімдегі өз лауазымдық міндеттерін атқарып, жауынгерлік даярлық бағдарламасына кіріседі. Алдағы уақытта олар атыс дайындығын тереңдетіп, тактикалық оқу-жаттығуларға қатысады, жауынгерлік міндеттерді орындауға қажетті дағдыларын жетілдіретін болады.
Нұрлыбек Мухумбек, ҚР ҚК «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 ә/б қатардағы жауынгері:
Бізді бір ай бойы осы сәтке дайындады. Дайындаған сержанттарға үлкен алғысымды білдіремін. Әскери борышын орындау әр кәмілет жасқа толған азаматтың міндеті. Өзім оқуды бітіріп осы жылы әскерге келген болатынмын. Әскерге деген көзқарасым жақсы. Ант қабылдау мен үшін жақсы өтіп жатыр. Қобалжып тұрдым ашығын айтқанда. Бірақ мақтаныш сезімі оянды. Ата-анамның алдында ер жігіт екенімді көрсетіп. Қуанышты сезімдемін жалпы.
Ата-аналар жағы балаларының бір айда ер жетіп, тәртіпке үйреніп қалғандарын айтады. Сапта сенімді тұрған жас сарбаздарды көрген жақындарының жүзінен мақтаныш сезімі байқалды.
Салтанатты ант қабылдау рәсімі жас сарбаздар үшін тарихи сәт. Білікті әрі білімді болу әр сарбазға міндет. Оқу-жаттығудан өткен жас жауынгерлерге артылған жауапкершіліктің салмағы ауыр.
Нұртас Қайролдаев