Қоғамның тірегі саналатын қарапайым еңбек адамдарының мәртебесін арттыру мақсатында биылғы жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл – күн сайын маңдай терімен ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген жандарға көрсетілген құрмет. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында кәсіби білім беруді дамыту, жастарды техникалық және кәсіптік білімге тарту бағытында нақты шаралар жүзеге асырылды. Колледждерде жаңа мамандықтар ашылып, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды. Басты мақсат – жастарға еңбек етудің қадірін түсіндіру.

Әли Құмарбек 1 курс студенті. Бала кезінен су көліктерін басқаруды армандаған. Бүгінде бала арманы жүзеге асып, Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінде білім алуда.

Әли Құмарбек, колледж студенті:

Осы мамандықты таңдаған себебім осы Қазақстанда ол новый профессия ол маған ұнайды. Кішкентай кезімнен бастап, осы мамандықты таңдағым келген.

 «Су көліктерін пайдалану» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге барлық жағдай жасалған. Арнайы цифрланған технологияның көмегі арқылы олар мына бір құрылғымен экранда көрсетілген кемені басқарып үйренеді.

Сымбат Абдрахманова, өндірістік оқыту шебері:

Бұның бір ерекшелігі кез келген студент осыны басқара отырып, өзін шынайы кемедегідей елестетеді. Барлық жағдай программада солай орнатылған. Бұл жерде ауа райын желдің бағытын, тәуліктің мезгілін соның барлығын баптап, студенттерді біз алғашқы алғашқы жүргізу дағдыларына үйретеміз.

Бұл білім ордасының оқу-техникалық базасы да заман талабына сай. Көлік құралдарының техникалық жағдайына жауап беретін білікті маман автослесарьларды да даярлайды. Бұл мамандар арнайы құрал-жабдықтармен жұмыс істеп, бөлшектерді ауыстырады, қалпына келтіреді.

Ерікжан Бегалыұлы, колледж студенті:

Біз осы қазіргі таңда шеберханада темір өңдеу жұмыстарын атқарамыз. Біздің болашақта болып шығатын мамандығымыз автослесарь мамандығы. Менің осы мамандығым өзіме қатты ұнайды. Шеберханада ең басты құралдармен жұмыс жасап, қандай құралдар, қандай нәрселер солармен соны үйреніп, біліп алуларымыз керек.

Автослесарь бүгінгі нарықта сұранысқа ие мамандықтың бірі. Қазіргі таңда бұл салада дуалды оқыту жүйесі кеңінен енгізіліп, студенттер теорияны өндірістік тәжірибемен ұштастыра отырып меңгереді. Білім ордасының мына бір өндірістік шеберханасында көліктің бірнеше түрі бар. Дәл осы жерде болашақ мамандар көлік құралдарын жөндеуді үйренеді. Тәжірибе жинақтайды.

Мадияр Солташев, колледж студенті:

Автослесарь мамандығы бойынша осы жерде білім алып жатырмын. Және де практикаға жібереді. Жібергенде практиканы осы жерде өтіп жатырмын. Көлік детальдарымен таныстық және де оны түгел шашып, жинап құрастыруды үйрендік.

Бүгінде колледжде 700 аса стдуент 13 мамандық бойынша білім алуда. Биылғы оқу жылы білім ордасы үшін нәтижелі болды. Республикалық WS жобасында жүлделі орындарды иеленіп, облыстық деңгейде дуалды оқыту бойынша колледждердің алды болып табылды.

Шынар Кекубаева, Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі директорының орынбасары:

Біздің колледжде 11 өндірістік шеберхана бар. Шеберханалрдың техникалық жағынан қамтамасыз етілуі толық бағдарламаныц мамандық даярлауды жүзеге асыруға толығымен мүмкіндік береді. Техникалық жағынан өте жақсы қамтамасыз етілген. Ірі компаниялар шеберханамызды қамтамасыз етілуіне тікелей ат салысуда.

Қазіргі таңда облыста 37 колледж жұмысшы мамандарын дайындайды. Олардың оқу-техникалық базасын жаңарту, ұстаздардың біліктілігін арттыру, саланы одан әрі жетлдіру күн талабы. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстар үздіксіз жоспарға сай жүргізіледі.

Қуат Оқасов, Облыстық білім басқармасының басшысы:

Қазіргі уақытта 37 колледжде 5 мыңнан астам студент дуалды оқыту бойынша 48 кәсіпорында дуалды оқытуға тартылған. Бұл студенттерге өндірістік тәжірибе жинақтауға жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне жол ашады. Соңғы төрт жылда 155 кәсіпорын оның ішінде Казцинк, Согра жылу электр орталығы, және басқа да кәсіпорындар маман даярлауда белсенді қатысуда.

Бәсекеге қабілетті кадр даярлау өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына септігін тигізеді. Сондықтан бұл салаға бағытталған жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Салтанат Кеңесбекқызы