Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов орман шаруашылығы саласының қызметкерлеріне 140-қа жуық техниканың кілтін салтанатты түрде тапсырды. Жаңа көліктер аймақтағы орманшылардың барлық филиалдарына жеткізіліп, қызметкерлердің күнделікті жұмысын жеңілдетіп, орман өртіне қарсы күресті тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Тұрсынхан Айтымбетов 20 жыл бойы орман шаруашылығы саласында қызмет етіп келеді. Айтуынша, қазір жағдай өзгерген. Техника жыл сайын жаңарып, орманшылардың еңбекақысы да өсті.

Тұрсынхан Айтымбетов, Верх-Уба орман шаруашылығының директоры:

Біздің орман шаруашылғына 7 бірлік техника алып жатырмыз. Оның ішінде 3 өрт сөндіру машинасы 3 трактор және 1 орманда жүретін уаз автокөлігі. Бұл алдағы уақытта үлкен көмек болады.

Биыл Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы шамамен 3,9 млрд. теңгеге 122 техника, сондай-ақ облыстық бюджет есебінен 240 млн. теңгеге 16 техника сатып алынған.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Орманды сақтау, орман қорған және ұтымды пайдалану үшін көп жұмыс жасауымыз керек. Бұл бізге үлкен жауаркершілік артады. Сәйкесінше жылдар бойы осы салаға материалдық техниканы жетілдіру аясында үлкен жүйейлі жұмыстар жүргізіліп келе жатыр. Соңғы жеті жылда бір жүз жеті арнайы техника сатып алынды.

Иә, Шығыс Қазақстан облысының орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында соңғы жеті жылда бюджет қаражаты есебінен 2,2 млрд теңге бөлінген.

Арман Есентаев, Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

Арнайы техника алып жатырмыз. Соның ішінде доңғалақты тракторлар, уаз, соған қоса 26 дрон, жалпы алған техникалардың саны 138 оның ішінде 34 пажарный мәшіндері 47 доңғалақты трактор, сосын 16 уаз. Барлық техника біз үшін үлкен пайдасын әкеледі.

Аймақта елдегі барлық орман алқаптарының шамамен 40 пайызы шоғырланған. Сондықтан орман қорын сақтау мен қорғау өңір үшін аса маңызды міндет.

Бекарыс Секен