Балалар ауылында Жаңа жыл мерекесіне арналған кеш өтті. Мұндағы тәрбиеленушілер үшін ертегі кейіпкерлеріне толы жарқын бағдарлама дайындалған. Балалр ән айтып, би билеп, салтанатты шараны әсерлі өткізді.

Балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтады. Аймақ басшысы балаларға зор денсаулық, оқуда табыс және ең асыл армандарының орындалуына тілектес екендігін жеткізді. Сонымен қатар балаларға қамқорлық көрсету, олардың балалық шағы бақытқа толы болуы үшін барлық жағдайды жасау өңірлік саясаттың басты басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Барлығымыз әлбетте жаңа жылда жақсылық күтеміз. Сиқырлы әлемде өзіміздің армандаған тілектеріміздің орындалғанын күтеміз. Бұл өте дұрыс. Үлкен де кіші де барлығымыз осы жаңа жылдан жақсылық тілеуіміз керек. Біздің мемелекет басшысы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әсіресе осы балалардың болашағы үшін сіздердің жақсы білім алуларыңыз үшін жақсы демалу үшін, жақсы спортпен шұғылданып мықты азамат болып өсулеріңіз үшін тиісті жағдайларды жасау жөнінде тапсырма берген.

Отбасылық үлгідегі Балалар ауылында тәрбиеленушілер бірнеше ай бойы Жаңа жылдық концертке ерекше дайындалды. Салтанатты шара барысында балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, мерекелік бағдарламаға белсене қатысты.

Меңдігүл Қаниева, Отбасылық үлгідегі Балалар ауылының директоры:

Бізде әрбір үй, әрбір отбасы өз нөмірлерін дайындайды. Дәстүр бойынша әр бала Аяз атаға арнап өлең атып, оның дорбасынан тәтті алады. Сонымен қатар Жаңа жылға орай жыл көлемінде жеткен жетістіктерімізді саралап, болашаққа жоспар жасаймыз. Біздің балалар спорттық және шығармашылық үйірмелерге қатысады, жүлделі орындар иеленіп жүрген балалар да бар.

Шара соңында әрбір балаға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Жаңа жылды көтеріңкі көңіл - күймен қарса алуға ниетті жандардың келер жылға үміттері мол.

Салтанат Кеңесбекқызы