Өскеменде «Жаңа жылдық ойыншықтар ғажайыбы» атты көрме ашылды. Экспозиция – келушілерді өткен ғасырлардағы мерекелік көңіл-күйге жетелейді. Көрме залында XIX ғасыр мен XX ғасырдың басына тән сирек кездесетін шырша ойыншықтары мен жаңа жылдық ашық хаттар ұсынылған. Ескі заманның естеліктерінен қолмен жасалған әйнек шарлар, мақта мен картоннан дайындалған бұйымдарды көруге болады.
Мұндағы әрбір экспонат көздің жауын алады. Өз дәуіріндегі бұл бұйымдардың ерекшеліктері мол. Көптеген ойыншықтар жалғыз данамен сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жеткен. Көрме қала тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын тудырып үлгерді.
Альфия Бақбаева, Облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі:
Бізде экспозиция 2 бөлімнен тұрады... 50-80 жылдағы ойыншықтар.....жасап отырмыз.
Экспозицияның ересектерге де, балаларға да ұсынатын қызықтары мол. Көрме залында көне патефонның үні естіліп, «Шампан тамшылары» вальсінің әуенімен өткен дәуірдің лебі сезіледі. Мұндағы әуен көрме топтамасын толықтырып, ерекше атмосфера қалыптастырып тұр.
Сонымен қатар, көрмеде әр жылдары жарық көрген бірегей жаңа жылдық ашықхаттар топтамасы ұсынылған. Бұл шағын суреттер тұтас бір дәуірдің тынысын сақтап тұр. Экспозицияда белгілі кеңестік суретші, жаңа жылдық ашықхат өнерінің аңызына айналған Владимир Зарубиннің жұмыстары ерекше орын алады. Бұрын дәл осындай ашықхаттарға көпшілігі өз қолымен тілектерін жазып, жақындарына жолдайтын. Бүгінде бұл туындылар естелік болып көрме алаңында тұр.
Талшын Садуақасова, Облыстық тарихи-өлкетану музейінің маманы:
Осы көрмеде танымал суретішілердің хаттарын көруге болады. Бұл хаттарда ақшақар, қоянның суреттері безендірілген.... бізге.
«Жаңа жылдық ойыншықтар ғажайыбы» көрмесі облыс орталығында бірнеше апта бойы жұмыс істейді. Келушілер сирек экспонаттарды тамашалап ғана қоймай, өткен дәуірдің естеліктерін көре алады. Бұл көрме — бір сәтке балалық шаққа оралып, жаңа жылдың шынайы ғажабын сезінуге мүмкіндік.
Фатима Тілейханқызы