Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Глубокое ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қарттарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Өңір әкімі жылы лебізін білдіріп, сыйлықтарын табыстады.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтауға арнайы келдім. Барлықтарыңызға зор денсаулық, бақыт барлық жақсылықты тілеймін. Біз сіздердің әр маңдай терлеріңізді есте сақтап, бағалаймыз. Алғыс білдіреміз. Елім, жерім деп бар жандарыңызды салғандарыңыз ұмытылмас ерлік. Сіздердің арқаларыңызда мемлекетіміз көркейіп өсіп келеді, ары қарай да осы бағытта дамып қарыштай бермек. Ал біз өз тарапымыздан сіздерге тек қуаныш, күлкі сыйлауға тырысамыз .Әсіресе, осындай ғажайып мерекеде өздеріңізді қуантқым келеді, жылы жүздеріңізді көргеніме қуаныштымсын. Жаңа жылда барлық арман тілектеріңіз орындалсын.

Аталған орталықта егде жастағы адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Мұнда қазіргі уақытта 120 адам тұрады. Қызмет алушыларға тәулік бойы күтім жасалып, медициналық бақылау тұрақты түрде жүргізіледі. Әлеуметтік және оңалту қызметтері ұсынылады. Қарттардың қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруі үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Орталық жылдан жылға жақсарып келеді.

Жәнібек Шаянбаев, Өскемен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры:

Міне ескі жылымызды артқа тастап, жаңа 2026 жылға қадам бастық. Өткен жылға өкпеміз жоқ, себебі қуанышты жаңалықтар, жақсы оқиғалар көп болды. Қазір де жаңа жыл тамаша жаңалықтан, сый құрметтен басталып жатыр. Облыс әкімі келіп, құттықтап жатыр. Біз үшін бұл қуаныш. Елеп ескеріп келіп жатқанына алғысымыз шексіз.

Глубокое ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қарттар дән риза екендіктерін жеткізді. Оларға мұнда аса қамқорлық танытып, құрмет көрсетілетінін айтты.

Тұрсын Құсанова, қызмет алушы:

Біздің өміріміз өте жақсы, бәрі бізде бар. Тамағымыз толық, ешқандай қайғы жоқ. Киім, төсек орын бәрі жаңа. Жұмыскерлердің бәрі этика, бізге ешққандай ауыр сөз айтрпайды. 4 рет тамақ берет. Бөлмелеріміз таза. Өте әдемі.

Кездесуде қарттар өңір басшысына өз ұсыныс-тілектерін де жеткізді. Олардың айтуынша, орталықта инватакси қызметі бар болғанымен, қаладағы мәдени орындарға бару кезінде адам санының көптігіне байланысты қолайсыздықтар туындайтын көрінеді. Осыған орай орталықтағы азаматтар шағын автобус бөлуді сұрады. Облыс әкімі аталған мәселе жуық арада шешімін табатынын жеткізді.

Сая Жарасқызы