Елдегі туризим саласын қазіргіден де қарқынды дамытуға мүмкіндік бар. Ол үшін экономика, мәдениет, қауіпсіздік және бизнес – барлығы бір жерге тоғысуы қажет. Сонда ғана нәтиже болады. Мемлекет басшысы «Түкістан» газетіне берген сұхбатында елдегі туристік саланың әлуетіне де тоқталып, бірқатар мәселені атап өтті. Ал туризмі жақсы дамыған елдер оған қаржы салғысы келетін инвесторларға қолайлы жағдай жасап отыр. Қазақстанда су да, ну да тарихи орын да жеткілікті. Тек дұрыс инфрақұрлым тартып, қызметтің сапасы артуы тиіс. Қазақстанға жыл сайын бірнеше миллионнан шетелдік турист келеді. Олар негізінен эко және этнотуризмге қызығады. 2025 жылы тек Шығыс Қазақстанға 1 млн. келсе, олардың көбі тарихи орындарды аралап, этно стилде өткен фетивалдарды тамашалаған.
Сымбат Рамазанов, ШҚО кәсіпкерлер Палатасының туризм кеңесінің төрағасы:
Бізде табиғат та бар. Орналасқан локациясы да мықты. Шетелдіктер бізге осы тұмса табиғатты ғана көру үшін келеді. Біздің ұлттық болмысқа қызығады.Біздің таммақа қызығады. Сондықтанда туризмді эно-салаға көп мән беруіміз керек. Әрбір аудандағы мемлекеттік орган,әрбір әікімнің инвеститция тартуға деген өзінің мүмкіншілігі қызығушылығы болу керек.Сондықтан осы тарапта да, атқарушы билік көп жұмыс жасау керек деп ойлаймын.