С.Аманжолов атындағы ШҚУ-де ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Нұралдинов студенттер, оқытушылар қауымымен кездесу өткізді. Басқосуда жастар саясатының дамуы, білім алушылардың әлеуметтік жағдайы сөз болды. Өзге де талқыланған тақырыптар жайлы сюжеттен көрелік. Халық қалаулысы Олжас Нұралдинов С.Аманжолов атындағы ШҚУ –нің түлегі. Осы оқу орнында білім алып, заңгер мамандығын тәмәмдаған. Дөңгелек үстелде жастармен жүзбе жүз кездесіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Білім саласына қатысты сұрақтарға жауап беріп, ашық диалог құрды. Олжас Нұралдинов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты: Білімге біз ерекше назар аударуымыз керекпіз. Білімді көтеруіміз керекпіз. ШҚУ жасап жатқан өте көп шараларын көрдік. Техникалық – материалдық жағынан дамығандығын. Басқа мемлекеттермен келісім шарттар отырып жатқанын. Ол өте қуантатын жағдайлар. Біз оқыған кезде 2,5 мың 3 мың студент оқысақ. Қазір 10 мың студенттен асыпты. Олда бір жақсы көрсеткіштердің бірі. Біздің кезімізде көптеген студенттер Ресейге кететін оқуға. Қазір ол тоқтап, оңтүстік аймақтардан осы университетке 600-700 баладан келіп жатқаны, білім алып жатқаны қуантатын жағдайлар. Аталған жиыннан көпшіліктің көкейіне түйгені көп болды. Шарада мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткерінің ұстаздары да сөз сөйледі. Олар заң саласына қатысты сауалдарын қойып, өз ұсыныстарын білдірді. Гүлмира Байркенова, С. Аманжолов атындағы ШҚУ заңтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Бұл кездесудің студенттер мен оқытушылар қауымы үшін маңызы зор. Жиында «Ақ жол» партиясының заңнамалық бастамалары, жалпы заң шығарушы органның қызметі жайында әңгімелестік. Сонымен қатар, қазір мемлекеттік деңгейде талқыланып жатқан заң жобалары сөз болды. Олжас Ельтайұлы Парламент депутаты ретінде жеке өзі көтеріп жүрген өзекті мәселелер туралы айтып берді. Жиын соңында Олжас Нұралдинов шараға қатысушыларды бос уақытын тиімді пайдаланып, жан – жақты дамуға шақырды. Гүлдана Айдарқызы

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-де ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Нұралдинов студенттер, оқытушылар қауымымен кездесу өткізді. Басқосуда жастар саясатының дамуы, білім алушылардың әлеуметтік жағдайы сөз болды. Өзге де талқыланған тақырыптар жайлы сюжеттен көрелік.

Халық қалаулысы Олжас Нұралдинов С.Аманжолов атындағы ШҚУ –нің түлегі. Осы оқу орнында білім алып, заңгер мамандығын тәмәмдаған. Дөңгелек үстелде жастармен жүзбе жүз кездесіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Білім саласына қатысты сұрақтарға жауап беріп, ашық диалог құрды.

Олжас Нұралдинов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Білімге біз ерекше назар аударуымыз керекпіз. Білімді көтеруіміз керекпіз. ШҚУ жасап жатқан өте көп шараларын көрдік. Техникалық – материалдық жағынан дамығандығын. Басқа мемлекеттермен келісім шарттар отырып жатқанын. Ол өте қуантатын жағдайлар. Біз оқыған кезде 2,5 мың 3 мың студент оқысақ. Қазір 10 мың студенттен асыпты. Олда бір жақсы көрсеткіштердің бірі. Біздің кезімізде көптеген студенттер Ресейге кететін оқуға. Қазір ол тоқтап, оңтүстік аймақтардан осы университетке 600-700 баладан келіп жатқаны, білім алып жатқаны қуантатын жағдайлар.

Аталған жиыннан көпшіліктің көкейіне түйгені көп болды. Шарада мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткерінің ұстаздары да сөз сөйледі. Олар заң саласына қатысты сауалдарын қойып, өз ұсыныстарын білдірді.

Гүлмира Байркенова, С. Аманжолов атындағы ШҚУ заңтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры:

Бұл кездесудің студенттер мен оқытушылар қауымы үшін маңызы зор. Жиында «Ақ жол» партиясының заңнамалық бастамалары, жалпы заң шығарушы органның қызметі жайында әңгімелестік. Сонымен қатар, қазір мемлекеттік деңгейде талқыланып жатқан заң жобалары сөз болды. Олжас Ельтайұлы Парламент депутаты ретінде жеке өзі көтеріп жүрген өзекті мәселелер туралы айтып берді.

Жиын соңында Олжас Нұралдинов шараға қатысушыларды бос уақытын тиімді пайдаланып, жан – жақты дамуға шақырды.

Гүлдана Айдарқызы