С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұстаздары мен профессорлық-оқытушылар құрамы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген кең көлемді сұхбатын қызу талқылады. Мұнда маңызды мәселелер көтеріліп, елдің болашағы туралы тың пікірлер айтылды. Президенттің сөзінде жастарға ерекше назар аударылды. Ол «Жастарымыздың күш-қуаты мол, үмі¬ті мен сенімі зор әрі азаматтық сана-се¬зімі өте жоғары. Олар – бар ықы¬ла¬сы¬мен болашаққа ұмтылатын отаншыл аза¬маттар. Дәл осындай өршіл ұстаным¬ның арқасында еліміз талай рет алдынан шығатын сын-қатерлерді еңсеріп, қиын¬дықтарды жеңері сөзсіз» деген еді. Университет ұжымы осы пікірді толықтай қолдай отырып, елдің дамуына бағытталған қадамдар жасауға дайын екендіктерін жеткізді.
Жаннета Калимолдина, С.Аманжолов атындағы ШҚУ басқарма төрағасы – тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры:
Мен ойлаймын, университетіміздің профессорлық оқытушылық және студенттер құрамы өздеріне қажетті көп ақпарат алды деген ойдамын. Бүгін президентіміз айттығой өзінің сұхбатында ең бірінші адам мемлекетшіл болу керек. Әрбір өзінің отанын жерін сүйетін білім алушыға үлкен мүмкіндіктерге ерінбей еңбек етсең, адал қызмет етсең жетуге көп нәтижелерге болатындығын көрсетті.