Облыс орталығындағы Андрей кафедралды соборының алдында қала тұрғындары мен қонақтары жиналып рождество мерекесін өтті. Мұнда арнайы мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өнерпаздар ән айтып, би биледі.

Елдегі барлық православ шіркеулерінде мереке күні халықтың қарасы көп болды. Олар дұға етіп, шам жағып және жақындарына денсаулық тіледі.

Амфилохий, Өскемен және Семей архиепископы:

Рождество Христово мерекесі құтты болсын! Шығыс Қазақстан облысының барлық тұрғындарына, осы қасиетті мейрамға ортақ барша жандарға рухани күш-қуат тілеймін. Жүректерінде махаббат пен үміт бар барлық ізгі ниетті адамдар аман болсын.

Қала тұрғындары мен қонақтары бір-біріне денсаулық, бақыт, бірлік тілеп, жылы лебіздерін жеткізді. Олардың әрқайсысы мерекелік сиқырды сезініп, Рождество күні өздерінің жүрек түбіндегі армандарының келешекте орындалатындығына сенім білдірді.

Майра Мурсалимова, қала тұрғыны:

Бүгінгі үлкен мейрам Рождество құтты болсын барлығына. Халықтарымыз аман болсын. Аспанымыз ашық, дүниеміз тыныштық болып, достығымыз нығая берсін. Мейрамдарымыз көп болсын. Барлық халыққа тілейтінім денсаулық,жақсылық.

Лариса Зиновьева, қала тұрғыны:

Мен шын жүректен баршаңызды Рождество мерекесімен құттықтаймын. Мықты денсаулық, рухани беріктік тілеймін. Ең асыл армандарыңыздың бәрі орындалсын. Өйткені бұл мереке ерекше ғажайыпқа толы. Әр үйде жылулық пен жайлылық, береке мен тыныштық орнасын, жүректеріңізде бейбітшілік, жандарыңызда мейірім мен ізгілік болсын. Рождество мерекесі құтты болсын!

Балалар мен ересектер мерекеде көңіл көтеріп, әртістермен бірге ән айтып, би биледі.

Ясмина Жұмағұлова, «Арабеск» балалар-жасөспірімдер би ансамблінің мүшесі:

Барлығына бақыт тілеймін. Рождество құтты болсын. Бастысы барлығының денсаулығы мықты, көңілдері шаттықа толы болсын.

Жыл сайын Рождество мерекесі әр адамның жанына жылулық сыйлап, күш-қуат береді.

Салтанат Кеңесбекқызы