ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түкістан» газетіне берген сұхбатында жасанды интеллектінің дамуы елдің цифрлық әлеуетін арттыруда маңызды бағыт екенін атап өткен болатын. Шығыстағы ұстаздар қауымы жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне кеңінен енгізу қажет, деп отыр. Себебі, бұл бастама мұғалімдердің күнделікті жұмысын автоматтандырып, әр оқушының қарым-қабілетіне сәйкес, жеке оқыту бағдарламасын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Өңірде жасанды интеллектіні түрлі салаға енгізу ісі қарқынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түкістан» газетіне берген сұхбатында аталған саланы дамыту қажеттігі айтылды. Бұл бағыт аймақтағы мектептерде белсенді қолданылып келеді. Аймақтағы ұстаздар қауымы жасанды интеллектіні қызмет барысында пайдалануда.
Зарина Түсіпханова, Өскемен қ. №48 мектеп-қосымша білім беру орталығының жасанды интеллект бойынша оқу ісі меңгерушісі:
Жасанды интелект мұғалім жұмысының тиімділігін арттырып, оқушылардың жеке қабілетін ескеруге мүмкіндік береді. Ол оқу мазмұын саралап, әр оқушының деңгейіне сай тапсырмаларды ұсынуға, үлгерімді бақылауға, кері байланыс беруге көмектеседі. Сонымен қатар әкімшілік жұмысын автоматтандыру арқылы мұғалімнің уақытын үнемдейді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей жасанды интелект елдің цифрлық дамуына серпін беретін маңызды бағыт. Білім саласында бұл технологияларды білімге қолдану заманауи сапалы әрі әділетті білім берудің кепілі. Сондықтан біз ұстаздар, осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, жас ұрпақты цифрлық әлемге лайықты дамытуымыз керек.
Білім ошағында ел Президентінің пәрменін іске асыру қарқынды. Жасанды интеллектіні оқу процесіне енгізу арқылы ұстаздар қауымы оқушылардың қабілетін толық ашып, білім сапасын арттыруда.
Нұртас Қайролдаев