Осыдан 34 жыл бұрын 10-қаңтар күні Ұлттық ұланның негізі қаланды. Осы уақыт аралығында әскери құрылым ел тыныштығын сақтау жолында айрықша еңбек етіп келеді. Атаулы күнге орай Ұлттық ұланның Шығыс өңірлік қолбасшылығына қарасты 3477, 5518 және 6699 әскери бөлімдерінің жеке құрамы кәсіби мерекелерін атап өтті. Салтанатты шарада үздік әскери қызметшілер марапатталды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 1992 жылы құрылған. Содан бері бұл әскери құрылым қоғамдық тәртіпті сақтау, стратегиялық нысандарды күзету және төтенше жағдайлар кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқарып келеді. Мерекелік жиынға Шығыс өңірлік қолбасшылығының басшылық құрамы, әскери бөлімдердің қызметшілері мен Ұлттық ұлан ардагерлері қатысты.

Серік Ноғаев, ҚР ҰҰ «ШЫҒЫС» ӨҚ 5518 Ә/Б командирінің тәрбие және әлеуметтік–құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары:

5518 әскери бөлімінде Ұлтық ұланның құрылған күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылуда. Бұл мерекелік шарада жеке құрам Ұлттық ұланның үш әскери бөлімі 3477, 6699, 5518 әскери бөлімі және Өңірлік қолбасшылықтың басқарма жеке құрамы қатысып отырды. Бүгінгі шарада тек концерттік бағдарлама ғана емес, Ұлттық Ұланның бас қолбасшысының атынан бірнеше әскери қызметшілер марапатталуда. Арнайы төсбелгілермен және грамота алғыстармен марапатталуда.

Ұлттық ұландықтар үшін бұл күн – ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметтің маңызын айқындайтын ерекше мереке. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын күзетіп жүрген ұлан жауынгерлерінің еңбегі осы күні айрықша бағаланады.

Ерлан Чокушев, ҚР ҰҰ «ШЫҒЫС» ӨҚ қолбасшысының уақытша м.а.

Бір баяндамада әскерлердің бауының барлық кезеңдерін көрсету мүмкін емес. Ең бастысы Ұлттық ұлан елдің құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қорғауды жалғастыруда. Оның әскери қызметшілері әскери борышында адал және ұландықтардың жауынгерлік қызметі бір минутқа да тоқтамайды. Қазақстан халқы, елдің ұлттық ұланы әрқашан қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қорғай алатынына сенімді бола алады. Мерекелеріңіз құтты болсын.

Мерекелік жиынға ардагерлер де қатысты. Олар жас сарбаздарға ақ тілектерін айтып, қызмет жолындағы естеліктерімен бөлісті.

Виктор Захаркин, Ұлттық ұлан ардагері:

Зейнетке шыққаныма отыз жыл болды. Ұлттық ұлан ардагерлеріне үнемі қамқорлық көрсетіледі. Әр мереке сайын, түрлі іс-шараларға қатысуға мүмкіндік беріліп келеді. Бұл біз үшін үлкен құрмет. Әскери бөлімнің қолбасшылығы мен мемлекет тарапынан ардагерлердің еңбегі ескерусіз қалған емес.

Салтанатты шара барысында қызметте ерекше көзге түскен әскери қызметшілер Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен төсбелгілермен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Жазира Нұрғалиева, ҚР ҰҰ «ШЫҒЫС» ӨҚ 3477 Ә/Б азық-түлік, киім-кешек және пәтерлік-пайдалану қызметі қоймасының бастығы:

Бұл қызметті 2007 жылдың 4 қаңтарынан бастап биыл 18 жыл қызмет атқарып келемін. Менің арманым осы әскери қызметте адал еңбек атқарып, зейнеткерлікке шығу. Барлық Ұлттық ұландықтарды төл мерекеміз Ұлттық ұлланның құрылған 34 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Барлығына еңбектеріне жеміс, табыс, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, шағырағы биік әр қашан да қырандарымыз қырандарымыз аспанымызда қалықтай берсін. Еңбектеріңізе жеміс. Осы Ұлттық ұлан қатарында атқарып жатқан еңбектеріңіз еселене берсін. Бүгін мен қуаныштымын. Басшылық құрамға алғысым шексіз. Еңбегімізді ескеріп жатқанына мың да бір рахмет.

Мақсат Ахметов, ҚР ҰҰ «ШЫҒЫС» ӨҚ 6699 Ә/Б командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары:

Осы сәтті пайдалана отырып, Ұлттық ұланның 34 жыл толуымен әріптестерімді құттықтаймын. Дендеріне саулық, отбасыларына амандық, қызметтеріне табыс тілеймін.

Мерекелік шараға әскери-патриоттық сыныптардың оқушылары да қатысты. Жас буын өкілдері әскер өмірімен танысып, болашақта Отан қорғауға деген қызығушылықтарын білдірді.

Айбар Тоқтарбеков, мектеп оқушысы:

Біз осы ұлттық ұлан әскеріне ашық есіп шараларына келіп тұрамыз. Мен болашақта өз отанымды қорғағым келеді. Отан қорғау әр азаматтың борышы, әр азаматтың мәндеті.

Ұлттық ұланның құрылған күніне арналған салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

Нұртас Қайролдаев