Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Наумова келді. Депутат сапар барысында әлеуметтік нысандарды аралап, өңірдегі өзекті мәселелермен танысты.
Мәжіліс депутаты сапарын әлеуметтік кәсіпкерлікті жүзеге асыратын кәсіпорыннан бастады. Өскемендегі «Рауан» кәсіпорны елдегі ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған киім шығаратын мекеме. Мұнда өнім өндірумен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инклюзивті еңбек ортасы қалыптасқан. Қазіргі таңда кәсіпорында 27 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Әлия Адамова, «ПКП «Рауан» ЖШС директоры:
Бізге Астанадан арнайы келіп, қарапайым кәсіпорындарға назар аударып, қолдау білдіріп жатқан мәжіліс депутатына өте ризамыз. «Республика» партиясы бұл бағытта нақты жұмыс істеп отыр: вебинарлар өткізеді, мәселелерімізді тыңдайды. Динара ханым да бізге бірнеше рет келді. Біз көтерген өзекті мәселелердің игі шешімін табуға септігін тигізіп келеді. Қазіргі таңда тапсырыс тапшылығы өзекті. Осындай әлеуметтік кәсіпорындарға кем дегенде өңірлік тапсырыстар берілсе, біз тұрақты жұмыс істеп, азаматтарды жұмыспен қамтитын едік.
Кәсіпорын жұмысы тек өндіріспен шектелмей, әлеуметтік мәселелерді де шешуге бағытталған. Алайда мекеме үшін түйіткілдің көзі тапсырыс тапшылығы. Депутаттың айтуынша, әлеуметтік кәсіпорындарды қолдау тек қаржылай көмекпен шектелмей, жүйелі мемлекеттік саясат арқылы іске асырылуы тиіс.
Динара Наумова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Шығыс Қазақстанға арнайы келуіміздің себебі – өңірдегі түйткілді мәселелерді көзбен көріп, қолдау қажет бағыттарды нақтылау. Бұл мәселелер бір күнде пайда болған жоқ, біз оларды әріптестермен ұзақ уақыттан бері көтеріп келеміз. Себебі мұндай мекемелердің қоғам үшін атқаратын рөлі ерекше. Әлеуметтік кәсіпкер ретінде айтарым, бұл салаға тек қаржылай емес, ең алдымен жүйелі қолдау қажет. Бұл кәсіпорындарда мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік осал топ өкілдері еңбек етеді. Олар ерекше назарды қажет еткенімен, жұмысқа деген жауапкершілігі мен ынтасы өте жоғары. Мұнда ұйымшыл, үлкен ұжым қалыптасқанын көріп отырмыз.
Бұдан бөлек Мәжіліс депутаты Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасына қарасты «Арнайы мектепке» де ат басын бұрды. Мұнда ерекше білім беруді қажет ететін балалар оқиды. Оқу орнының ұжымы білім беру үдерісін жетілдіру бағытында жүйелі жұмыс атқарып келеді.
Эльвира Әбілмәжінова, Облыстық білім басқармасының «Арнайы мектеп» КММ директоры
Қазіргі таңда 260 бала білім алып жатыр. Оның ішінде 235 мектепте, ал қалған 25 мектеп даярлық тобында тәрбиеленіп жатыр. Осында білім алып жатқан балалардың ата-аналары бізге риза. Олардың ризашылығын әлеуметтік желілердегі коментариялардан көріп жатамыз. Бізде бірқатар жағдайлар жасалған. Карекциялық кабинеттеріміз бар бізде. Сенсорика кабинеті бар. Жұмсақ жиһаз қабинеті бар және логопеттер қызмет етеді. Бұл балалармен әрдайым психологтар жұмыс жасауда.
Мәжіліс депутаты білім ошағының материалдық-техникалық жағдайымен танысып, оқытушылармен инклюзивті білім берудің түйткілді тұстарын талқылады.
Динара Наумова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Оқу-ағарту министрлігі жанындағы жұмыс тобының мүшесі болғандықтан, көтерілген түйткілдерді тікелей министрлікке жеткіземін. Қазіргі таңда инклюзивті білім беру жүйесінде бірізділік жоқ. Әсіресе тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың арнайы мектептерге қолжетімділігі шектеулі. Көп жағдайда олар үйде білім алады. Бұл білім сапасына әсер етеді. Сондықтан бұл бағытта нақты өзгеріс қажет.
Жұмыс сапары барысында Динара Наумова облыс әкімімен, салалық басқарма өкілдерімен және өңір жастарымен де кездес өткізді.
Нұртас Қайролдаев