Облыста церебральды сал ауруы анықталған 980-ге жуық бала бар. Сал ауруына шалдыққандарды оңалтуда қолданылатын әдістемелер жыл сайын жетіліп келеді. Баланың қимыл-қозғалыс дамуына әсер ететін бұл ауру тек қозғалыс бұзылысымен шектелмейді. Мамандар уақтылы назар аудармаса, екінші реттік асқынулар пайда болуы мүмкін екенін айтады. Облыста ерекше балаларды оңалтуда қандай жаңа әдіс-тәсілдер қолданылуда? Әріптесімнің сюжетінде.
Тәжірибелерге сүйенсек, баланың қозғалыс белсенділігін арттыру және әлеуметтік бейімделуі үшін физикалық оңалту әдістері, Бобат-терапиясы қолданылуда. Бұл ең танымал әдістердің бірі. Мақсаты-дененің дұрыс қозғалыс үлгілерін қалыптастыруға көмектеседі. Ал Войта терапиясы дененің белгілі бір нүктелерін басу арқылы миға рефлекторлық қозғалыс сигналдарын жіберу методикасы. Бұл әдіс, әсіресе, ерте жастағы сәбилер үшін тиімділігін көрсетіп отыр. Аталған мақсатта «DEMEY» оңалту және түзету орталығының мамандары күнделікті 10 бала қабылдап, жылына 1500-ге жуық сабақ өткізген.
Ержан Құдайбергенов, оңалту және түзету орталығының емдік дене шынықтыру жаттықтырушысы:
Сал ауруымен ауыратын балаларға көптеген методикалар қолданады. Бобат Войта, ПНФ. Кейіннен біз оқып жатқан Медэк терапияларын қолданамыз. Бұл методикалық қолдану арқылы біз балаларға көптеген көмегін тигіземіз. Біз балаларды отыруға, тұруға, жүруге, жүгіруге көмектеседі бұл жаттығулар. Ең маңыздылығы емдік дене шынықтырудың уақыт, жалғастыру және жиілік. Осы 3 қағиданы ұстану керек әр маман. Біз көптеген результаттарға жетіп жатырмыз.
Оңалту орталықтарындағы топтық сабақтар да өз нәтижесін беруде. Бұл тек емдік жаттығулар ғана емес, балалардың әлеуметтік бейімделуіне, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған маңызды кезең. Мұндай сабақтар арқылы балалар өздерін жалғыз сезінбейді. Олар қатарластарымен тез тіл табысып, бір-біріне көмектесуді үйренеді. Жанындағы өзге баланың жетістігін көру арқылы жаттығуды орындауға ынталанады дейді мамандар.
Аида Сейітқанова, орталық тәрбиешісі:
Сабақ түрлері әр түрде өтеді. Дамытушы ойындар, сөйлеу және логопедиялық элементтермен өткіземіз және қимыл-қозғалыс ЛФК элементтерін әр түрлі сабаққа байланыстырып сурет салып, баланың шығармашылығын құрастыру арқылы музыкамен ритмика арқылы баланы әбден мектепке дейін дайындаймыз осы топта.
Осылайша мамандар ерекше балалардың жан-жақты дамуына барын салуда. Олар үшін баланың кез-келген ортада әлеуметтенуі маңызды.
Аяулым Усинова