Бүгін сыр селінде Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтті. Жиынған әр өңірден келген 100 аса құрылтай мүшелері қатысты. Осыған дейін өткен құрылтайда ел дамуына қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Ұлттық құрылтайда айтылған ұсыныстардың негізінде 26 заң қабылданды. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен бүгінгі жиында білім беру, өнер мен мәдениет, әлеуметтік сала, инфрақұрылым, цифрландыру, жасанды интеллект және саяси реформалар туралы айтылды. Экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті дамыту және де өзге де маңызды мәселелерге тоқталды.

Мемлекет басшысы бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтерген болатын. Жаңа Парламентте депутаттарды бес жылға сайлау көзделген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мемлекеттің институционалдық тұғырын нығайтып, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына сәйкес орнықты саяси жүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді деді. Парламенттік реформа елдің әлеуетін арттырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартады. Мемлекет басшысы жиын барысында «Болашақ Парламенттің атауы бойынша өз ұсынысын ортаға салды.

Амантай Джақсылықов, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ аға оқытушысы:

Президент елдің жаңа Парламентін «Құрылтай» деп атауды ұсынуы - тарихи тұрғыда қалыптасқан демократиялық жүйені батыстық демократия үлгісімен ұштастыруды білдіреді. Бұл өзара түсіністікті арттырады. Сондықтан менің ойымша, бұл орынды ұсыныс. Сонымен қатар, мұндай жүйеде кері байланыс, яғни интерактивті қатынас болады. Халық өз өкілдерін құрылтайға сайлайды, ал сол өкілдер өздерін сайлаған халықтың алдында жауапты болады.

Бұдан бөлек жиында Мемлекет басшысы Үкіметке көмір өндірісін дамытудың ұлттық жобасын бекітуді тапсырды. Президент өз сөзінде көмірді экологиялық таза отын деңгейіне жеткізетін технологиялардың маңызын атап өтті. Сонымен қатар көмір өндірісін дамытуға ұлттық жоба мәртебесін беру туралы Үкіметке тапсырма берді.

Айбек Ақаев, Рһd докторы:

Бүгінгі таңда Қазақстанда өңдірілетін 123 млрд. кВат сағат ол мемлекеттің алдына қойған жоспарды орындауға жеткіліксіз. Басқаша айтқанда қазіргі таңда энергетикалық қауіпсізідікті нығайту ол еліміздегі басты мемлекеттік саясаттың негізі болуы керек. Сондықтанда Мемлекет басшысы еліміздегі бәсекелестік кең көлемде қолданылмай отырғандығын атап өтті. Себебі бүгінгі таңда еліміз орасан зор көмір қорына ие. 33 млрд. тонна көмір бар. Егер бүгінгі тұтыну деңгейін алсақ ол әлі 300 жылға жетеді. Жыл сайын елімізде 110 млн тонна көмір өңдіріледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына гидротехникалық объектілерді сенімгерлік басқаруға беруді тапсырды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы «Біз бір ел, бір халық болып жұмыла білгеннің арқасында өткен жылды мол табыспен аяқтадық» - деді. Айталық былтыр экономика 6,5 пайызға өсіп, ішкі жалпы өнім үлесі 300 млрд доллардан асты, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40%жеткен.

Салтанат Кеңесбекқызы