Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында цифрландыру жүйесі мен жасанды интеллект бағытына тоқталып өтті. Ол өз сөзінде «Цифрландыру және жасанды интеллект жылын сән қуып, ұрандату үшін жариялаған жоқпыз. Бұл шешім бүкіл мемлекеттік аппаратқа нақты міндет жүктеп отыр. Бұл – стратегиялық міндет. Сондықтан мемлекет үшін айрықша маңызды осы міндетті орындауға қатысты талап та өте жоғары болмақ. Бұл бағыттағы жұмыстың нәтижесі нақты әрі көзге көрінетін көрсеткіштермен өлшенуге тиіс. Атап айтқанда, шешім қабылдау мерзімін қысқартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және қызмет сапасын жақсартуға оң ықпал етуі керек» , - деді. Аталған бастамалар бойынша аймақтың сарапшылары өз пікірлерін білдірді. Мамандар Ұлттық құрылтай маңызды диалог алаңына айналып келе жатқанын жеткізді.
Президент атап өткендей, елде цифрландыру қарқынды дамуда. Жасанды инттелектіні барлық салаға еңгізу басталды. «Біз білім, ғылым және жоғары технология саласына қомақты инвестиция салатын болдық. Себебі адам капиталының сапасын арттыру – айрықша маңызды міндет. Бұл, әсіресе, ел дамуының қазіргідей тарихи, бетбұрысты кезеңінде халқымыздың болашағына тікелей әсерін тигізеді, - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, осы бағытта білікті кадрларды даярлау қажеттігін айтты.
Светлана Линок, Саяси ғылымдар кандидаты:
Құрылтай кеңесші орган. Мұнда халықтың пікірі ескеріліп, күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралады. Өткен құрылтайда талқыланған бірнеше сұрақтарға тоқталып өтсем. Біріншіден жасанды интеллект саласындағы кадрларды даярлау жайы сөз болды. Әрине бізде бұл бағыттағы мамандар жетіспейді. Аталмыш бағыт бойынша біраз артта қалып келе жатырмыз. Сондықтан кадрларды даярлауға расымен ерекше назар аудару қажет. Президенттің өзі бұл мәселеге жіті тоқталып өтті.
Президент атап өткендей цифрлық шешімдердің және жасанды интеллект технологиясының көмегімен барлық саладағы мемлекеттік басқару ісінің сапасын арттыруға мол мүмкіндік бар. Бірінші кезекте Мемлекет басшысы жоғары технологияға негізделген, энергияны көп қажет етпейтін жаңа экономика құру үшін, ең алдымен, мықты инфрақұрылым қалыптастыру қажеттігін тілге тиек етті.
Гүлдана Айдарқызы