Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің білім беру бағдарламалары ұлттық рейтингте көш бастады. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жариялаған нәтижеде білім беру сапасы, түлектердің жұмысқа орналасуы және мәнсаптық мүмкіндіктері жан-жақты бағаланған.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінен ұлттық рейтингке 38 білім беру бағдарламасы қатысып, соның ішінде 27-і үздік ондыққа енді. Ал 8 бағдарлама елдегі барлық жоғары оқу орындарының ішінде алғашқы үштіктен көрінді. Атап айтқанда, кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика, биология, қазақ тілі мен әдебиеті, орман ресурстары, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы. Бұл нәтижелер университеттің білім беру сапасының жоғары, әрі академиялық әлеуетінің зор екендігін көрсетеді.

Бекарыс Секен