Облыс орталығында сәнді әрі сапалы тондар көрмесі ашылды. Көрмеде Пятигорск қаласының жетекші фабрикалары өз өнімдерін халыққа тиімді бағада ұсынады. Қала тұрғындары үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылған.
Өскеменде ашылған бұл көрмеде 300- ден астам тон үлгісі көпшілік назарына ұсынылып отыр. Келушілер түрлі теріден тігілген бұйымдарды таңдай алады. Қала тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік. Кез – келген сападағы ескі тонды өткізген жағдайда жаңа өнімге жүз мың теңге көлемінде жеңілдік беріледі.
Андрей Немцуров, сату жөніндегі менеджер:
Көрмеде мутон, қаракүзен және қой терісінен тігілген тондар ұсынылған. Мутон өте сапалы әрі жылы. Ол тұтас теріден тігіліп, жұмсақтығымен және жайлылығымен ерекшеленеді. Түрлі түстерде қолжетімді. Сонымен қатар, үлкен өлшемдер де бар. 44 – тен 70- ке дейін. Күзеннен жасалған тондар да ресейлік, Пятигорск өндірісінен. Бұл бұйымдар да жоғары сапасымен ерекшеленеді. 44-тен 68-ге дейінгі өлшемдерде ұсынылады.
Көрме 22 қаңтардан 10 ақпанға дейін өтеді. Мекенжайы: Назарбаев даңғылы, 61 А, «Валентина» сауда үйі. Күн сайын сағат 10:00 – ден 19:00 ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.
Гүлдана Айдарқызы