Өңірде ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінетін мемлекеттік қолдаудың тиімділігі қатаң бақылауға алынады. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов саладағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында арнайы жиын өткізді. Басқосуда субсидиялардың мақсатты жұмсалуы, мал басын сақтау міндеттемелерінің орындалуы және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері кеңінен қаралды. Оған қоса, агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін арттыру жолдары талқыланды.
Өңір басшысының төрағалығымен өткен кеңейтілген жиынға ауыл шаруашылығы саласына жауапты басқарма, бөлім басшылары, қала мен аудан әкімдері қатысты. Басқосуда агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру және субсидиялардың мақсатты жұмсалуы басты назарға алынды. Аудан әкімдері өз өңірлерінде жүзеге асып жатқан жобалар туралы есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Күршім ауданының әкімі Мейіржан Альбеков Қалғұты ауылдық округінде мал бордақылау алаңы мен ет өңдеу зауытын іске қосу бағытындағы жұмыстарды таныстырды. Ал Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов Алмасай ауылдық округіндегі «Уақ» ауыл шаруашылығы кооперативінің мал басын көбейтіп, өндірістік инфрақұрылымды кеңейту үшін биыл мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Өткен жылдың 24 желтоқсанында біз ауылшаруашылығын дамыту мәселелері бойынша қалалар, аудандар әкімдерімен жиындар өткізгенбіз. Өзекті мәселерлер бойынша қаралып, бірқатар мәселелер берілген.
Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов өңірде салынып жатқан мал бордақылау алаңдарының құрылыс барысы туралы ақпарат берді. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Жаннат Көшерова Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген тексеру нәтижелерін жариялады. Жиын барысында ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар жүйелі мәселелер көтерілді.
Самат Қыдырмолда, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі:
Өздеріңізбен бірге ортаға біраз ойларды салып, осы облысымыздағы ауылшаруашылығының потенциалын жан-жақты зерделеп, департаменттермен жұмыстардың барлығын жан-жақты салалы түрде талдап, хаттамалық тапсырмалар берген болатынбыз. Одан бері міне алдыға жылжушылық бар. Жер қатынастары департаменттері, табиғат қорғау мекемелері тарапынан алдығы жылжушылық бар. Облыс әкімінің орынбасары Сапанов Бақытжан Дарханда өзінің жиналысында осының бәрін атап өтіп, тапсырмалар берілді.
Жиын соңында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов аталған заңбұзушылықтарға жол берген аудандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, малға берілген субсидияларды қайтару жұмыстарын жүргізу, субсидиялау ережелерінің сақталуын қатаң бақылау және шаруаларға жеке жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі айтылды.
Талант Тұрсынов