Экономикадағы теңсіздікті реттеу арқылы ғана инфляцияны тежеуге болады. Оған елде қажетті мүмкіндіктің бәрі бар. Сондықтан былтыр қараша айында Үкімет, үш жылдық арнайы бағдарлама қабылдады. Президент халықаралық «Түркістан» газетіне берген сұхбатында ол құжаттың түпкі нәтижесі елдің әл-аухатын көтеріп, инфляцияны төмендетуге арналғанын айтқан. Әсіресе өңірлердің өзара байланысы нығайғанда ғана экономикадағы теңсіздік реттелмек.
Елдегі экономикалық өсім халықтың күнкөріс деңгейімен өлшенеді. Сондықтан мемлекет әсіресе әлеуметтік саланы әлдендіруге ақша аяған емес. Алайда экономикаға орынсыз құйылған қаржы инфляцияны да өсіреді. Сол үшін Үкіметке бюджет қаржысын барынша тиімді пайдалану міндеті жүктелді. Экономист Салтанат Сүйеуованың пікірінше Республикалық бюджетке әр өңірден түсетін қаражаттың мөлшеріне сәйкес, қайтадан сол көлемдегі қаржы сол көлемде қолдау болуы керек. Сонда ғана аймақтар арасындағы экономикалық теңсіздік жойылады.
Салтанат Сүйеуова, экономика ғылымдарының кандидаты:
Барлық қаражат субсидия қайтадан субенциялар ретінде қайтарылып жатыр ма? Яғни бұл жерде де аумақтардың экономикалық инфрақұрылымы қалай? Сол жағынан да мән беру керек? Нақты біздің облысымыздың агроөнекәсіп кешені. Не болмаса өзіміздің осы металлургиялық саланы дамытуға байланысты бағдарламалар бар ма?
Бағдарламалар әр салада бар. Қазір мемлекеттен қолдау алып жатқан кәсіпкер де көп. Алайда олар қанша тиімді жұмыс істеп жатқаны туралы нақты талдау жасалмайды. Тек уақытылы салығын төлеп, жұмысшыларға еңбекақсын берсе табысты саналады.
Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Сондықтан біздің ұсынысымыз жалпы осы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан кәсіпкерлікке көрсетілңп жатқан қолдауды бір жүйеге келтіріп, цифрлық платформа жасап сол арқылы жүйелі жұмыс жүргізуіміз керек.
Жүйелі жұмыс өңдеу саласында бір жолға қойылғанда өнеркәсіп өркендейді. Ал өзмізде өсіріліп одан өңделген өнімнің өзіндік құны болады. Бұл азық-түліктің бағасына тікелей әсер етеді. Тауар бағасы инфляцияға байлаулы. 1993-жылдан бері арпа,бидай өсіріп,ұн тартып, тарыдан талқан түйіп келе жатқан ірі кәсіпкердің бірі- Есімбек Мәмбетовтың айтуынша ішкі нарықты тек өзімізде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімімен қамтуға толық мүмкіндік бар. Одан соң экспорт.
Есімбек Мәмбетов, агрокешен басшысы:
Әлемдік нарыққа тауарменен жаңағы өзіміздің брендтімізді ары қарай жалғастыра кірсек, сол кезде дұрыс болады деп ойлаймын. Қазір міне соған көзім жетіп отыр. Шығарып отырмыз.Экономикасы да бөлек болады.
Елдің экономикалық қуаты жан басына шаққандағы табыспен өлшенеді. Былтыр экономика 6 пайызға өсіп,ішкі жалпы өнім 300 миллиард долларға жеткен. Нәтижесінде жан басына шаққандағы табыс 15 мың доллардан асты. Бұл үнемдеу мен қаржыны қадағалудың көрсеткіші. Ал үнемшілдік табысқа бастайды.