Жыл басынан күшіне енген жаңа Салық кодексі аясында арнаулы салық режимдері түбегейлі өзгеріп, кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Жаңа талаптар салықтық әкімшілендіруді жеңілдетіп, цифрлық форматқа көшіруді көздейді. Бұл туралы сала мамандары өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Жаңа Салық кодексіне сәйкес арнаулы салық режимдерінің саны 7-ден 3-ке дейін қысқартылды. Енді өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары үшін ғана арнайы режимдер сақталады. Бұл өзгеріс салық жүйесін оңтайландырып, көлеңкелі табысты азайтуға бағытталған.

Қазыбек Қойшинов, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді. Енді арнаулы салық режимдері оңтайландырылды. Яңни олар Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жеңілдетілген декларация және шаруа қожалықтары. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар айлық табысы 300 АЕК-тен аспайтын жағдайда 4% әлеуметтік төлеммен тіркелмей төлеуге мүмкіндік алады. Барлық төлемдерді мобильді қосымша арқылы есептеуге болады. Қосылған құн салығының жаңа мөлшерлемесі – 16%, дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге – 5%. Жеке табыс салығы прогрессивті: 36 миллион теңгеден асқан табысқа 15% ставка енгізіледі. Салық есептілігінің нысандары 30%-ға қысқартылып, электрондық шот-фактураларды автоматты бақылау енгізілді.

Жаңа Салық кодексіне бірқалыпты көшу және шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында елімізде «Халық бухгалтері» акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында салықтық есептілік, бухгалтерлік есеп және ақпараттық жүйелермен жұмыс бойынша тегін кеңестер берілді. Мамандар азаматтарды офлайн форматта қабылдап, бейнеқоңырау арқылы да түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Гүлмира Сабралимова, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы:

Интернет-платформаларда жұмыс істегендер, мысалы, таксистер, үшін ұстап қалу міндеті интернет-платформаның операторына жүктеледі. Сол себепті, осы салықты өндіру де оператор арқылы жүзеге асырылады. Жалпы, осы режимде — яғни, өзін-өзі қамтығандар жұмыс істейтіндер үшін мына талаптарды нақты білу маңызды: жалдамалы жұмысшылар болмауы керек, табыс 300 АЕК-тен аспауы керек, ал ставка 4% құрайды.қпан айында жеке кәсіпкер ретінде есептен шығарып, мобильді қосымша арқылы жұмыс істей бастауға болады. Ал бірінші чек берілген күн бастапқы күн ретінде есептеледі. Егер жеңілдетілген декларацияны тапсырмаса және әлі жеке кәсіпкер ретінде есептен шықпаса, салық органдары 1 наурыздан бастап олардан салық өндіреді, Жеңілдетілген декларация негізінде табысқа қатысты талаптар да бар, олар өткен жылға ұқсас. Бөлшек сауда салық режимінде табыс 600 мың АЕК-тен (яғни 2,5 миллиард теңгеден) аспауы керек.

Жалпы, жаңа Салық кодексі бақылаудан сервистік сүйемелдеуге көшуді көздейді. Арнаулы салық режимдерінің оңтайландырылуы, цифрлық сервистердің енгізілуі және түсіндіру акциялары салық төлеушілерге өз міндеттемелерін жеңіл әрі ашық орындауға мүмкіндік береді.

Нұртас Қайролдаев