Жылыту маусымы басталғалы бері облыстағы әрбір төртінші өрт пешпен жылытылатын тұрғын үйде тіркелген. Бұл туралы ТЖД мамандары өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, қауіпсіздік талаптарын сақтамау адам өліміне әкеп соғуы мүмкін. Сол себепті өңірде профилактикалық алдын алу шаралары күшейтілген.

Аймақта әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтар тұртын 2763 үй тіркелген. Профилактикалық тексерулер кезінде 600-ден астам тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылғаны анықталған. Жылыту маусымы басталғалы 235 өрт оқиғасы орын алып, 13 адам қаза тапқан. Мамандар тұрғындардың жауапкершілігі қауіптің алдын алудың басты кепілі екенін ескертеді.

Нұржан Өміржанов, ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:

Жалпы статистикаға тоқтайтын болсақ мына жылыту мерзімі басталғалы бері облыс көлемінде 235 өрт тіркеліп отыр.......... көмір қышқын концентрациясын анықтау болады.

Құтқарушылар әлеуметтік осал топ және көпбалалы отбасыларға көмірқышқыл газын анықтайтын құрал-жабдықты орнатуды қолға алған. Биыл 496 құрылғы қойылып, 76 мыңнан астам тұрғын үйді аралау жұмыстары жүргізілген. Бұдан бөлек 3 мыңнан аса бұзушылық жойылған. «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында бірнеше үйде пештер жөнделіп, мұржалар тазаланған. Кей аудандарда жаңа пештер орнатылса, енді бірінде электр желілері қалпына келтірілген.

Нұртас Қайролдаев