Жасанды интеллект - бұл кітапхана қызметін айтарлықтай жақсартуға және кітапханаларға үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеуге көмектесетін құрал. Облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханада бұл бағытта жұмыстар қарқынды жүзеге асуда.
Қазіргі таңда жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар кітапханалар жүйесінде кеңінен қолданылуда. Кітапханалар тек кітап беретін орын болып қана қоймай, оқырман ақпарат алатын, бірлесе жұмыс істейтін, ойын, білім, ғаламторды ұштастырған заманауи орынға айналған. Қазіргі таңда жастарды білімге баулып, оқулықтарға деген сұранысты арттыру мақсатында оқырман үшін түрлі жағдай жасалған. Еліміздің бірнеше кітапханаларында нейро-ассистент іске қосылған. Ол уақытты айтарлықтай үнемдейді. Мамандардың айтуынша, жасанды интеллект бірнеше секундтың ішінде ақпаратты өңдеп, оқырман сұрақтарына дереу жауап беріп, қажетті ақпаратты табуға көмектеседі.
Ұлпан Қанатқызы, облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапхананың қызметкері:
Жасанды интелектіні кәсіби қызмет саласында пайдалануға, жаңа жұмыс форматын ұсынуда да түрлі курстар мен сабақтар өткізіліп отыр. Сонымен қатар, оқырмандардың, кітапханашылардың виртуалды көмекшісі болған ДОС АЙ нейро ассисентімізде қызмет атқарып тұр. Ол күрделі сұраныстарды таба алады. Ақпараттарды жәй ғана беріп қоймай, нақты дерек қорлардан оқырмандарға ұсынады.
Сала мамандары аталған жұмыстарды ары қарай да жалғастырмақ.
Сая Жарасқызы