Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Оған қала, аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Жиында өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуының 2025 жылғы қорытындылары және биылғы жылдың бірінші жартыжылдығына арналған міндеттер туралы сөз болды.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрсұлтан Маратовтың сөзінше, өнеркәсіп өндіріс көлемінен басқа әлеуметтік – экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша оң серпін байқалады. Мәселен, былтыр облыста жалпы саны 28 мыңнан астам жұмыс орны құрылған. Өңір экономикасына 838 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұдан бөлек, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту 100% деңгейінде сақталған. Жиын барысында сыртқы сауда айналымы да сөз болды.
Нұрсұлтан Маратов, Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:
Сыртқы сауда айналымы 2024 жылмен сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4 млрд долларға жетті. 0,8 % өсті. Оның ішінде тауарлар экспорты 2,6 млрд доллар, импорт 1,8 млрд доллар. Сауда балансы қалыптасты. Негізгі сыртқы сауда серіктестері Ресей федерациясы, Қытай, Қырғызстан, Түркия болып қала береді.
Басқосуда биылғы жылға бекітілген міндеттер талқыланды. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық – түлік өнімдерінің бағасын тежеу жөніндегі шараларды іске асыру, инфрақұрылымдық жобаларды сапалы аяқтау, су тасқынының алдын алу мәселелеріне басымдық берілді. Сонымен қатар, сала мамандары агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы жөніндегі өңір көрсеткіштеріне тоқталды. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша облыстағы ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі 554 млрд теңгені құраған.
Ажар Каджибекова, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
ШҚО мемлекет бойынша өсімдік майын, қымызды және бал өндіруде бірінші орында. Екінші орында қарақұмық өсіруде, балқытқан ірімшікті шығаруда құрт шығаруда, үшінші орында құс еті, шұжық өнімдерін шығарудан үшінші орындамыз. 2025 жылы облыс бойынша шаруашылықтардың барлықтарында мал шаруашылығын дамуына оң динамика байқалады.
Сонымен қатар, жиында облыс әкімдігінің Цифрлық трансформация картасын, 2026-2030 жылдарға арналған Шығыс Қазақстанның ақылды қалаларын салудың жол картасы мен стратегиясын іске асыру мәселелері де қарастырылды. Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов барлық тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Мемлекет басшысы ҚР үкіметінің тапсырмаларын ескере отырып, облыстың даму жоспарларын нысаналы индикаторларға әлеуметтік экономикалық дамдуың негізгі көрсеткіштерін өсуіне қолжеткізуді қамтамасыз етілуі қажет. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері биылғы жылға арналған тұрғын үйлерді пайдалануға жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етуі керек.
Барлық аталған бағыттар өңір басшысының қатаң бақылауында болады. Тапсырмалардың орындалу барысы жүйелі түрде тексеріліп, бағаланады.
Гүлдана Айдарқызы