Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген сұхбатында ауыл шаруашылығын экономиканың стратегиялық тірегі ретінде атап, бұл саладағы мемлекеттік қолдаудың басты мақсаты – қаржы көлемін арттыру емес, оның тиімділігін күшейту екенін айтқан болатын. Аймақта Президент пәрменін іске асыру бойынша ауқымды шаралар қолға алынған.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінетін қаражат көлемі айтарлықтай артты. Тек өткен жылдың өзінде елімізде аграрлық секторға жүздеген миллиард теңге бағытталған. Дегенмен, басты сұрақ – қаржының тиімді жұмсалуы. Шығыс Қазақстан облысында бұл бағытта нақты нәтижелер бар. Өңір бірқатар өнім түрлері бойынша республикада алдыңғы орынға шыққан.

Ажар Каджибекова, Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Президент тапсырмасы бойынша ШҚО бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Оның ішінде өсімдік шаруашылығын қолдау, мал шаруашылығы мен қайта өңідеу шаруашылығын қолдау. 2025 жылдың қортындысы бойынша ШҚО. Бір қатар өңімдерді өндіруде мемлекет бойынша бірінші орында тұрмыз. Ол балық шығару, өсімдік майын және қымыз бен сүт өнімдерін, балды шығарудамыз. Мал шаруашылығына былтыр 4 млрд. астам субсидия берілді. Өсімдік шаруашылығына да 4 млрд. субсидия берілді. Сонымен қатар ауыл шаруашылық техникасын сатып алу бойынша инвестициялық субсидия бар. Ол да толығымен төленіп отыр.

Өсімдік шаруашылығында оң динамика байқалғанымен, мал шаруашылығы әлі де ерекше назарды қажет етеді. Бұл салаға соңғы жылдары мемлекеттік қолдау күшейген. Субсидиялар, инвестициялық жеңілдіктер және техника алуға арналған бағдарламалар іске асырылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алдағы уақытта мал шаруашылығын дамытуға басымдық берілмек.

Ажар Каджибекова, Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Өткен аптада мен аудандарға барып келдім. Ол жақта қандай мәселелер бар екенін тыңдап келдім. Сол жақта көп адамдардың айтатыны нение алу үшін кепіл жоқ деп. Осыған орай біз осы өзіміздегі даму қорының филиалымен бірлесіп, келісімге келіп отырмыз. Олар 85 пайыз Ауыл аманаты бойынша кепілдеме беруге дайын. Бірақ біз бүгіннен бастап оны еңгізе елмаймыз. Бізде ереже бар. Ол бекітілген ережеде Дамудың кепілдемесі кірмеген. Сол себепті біз министрлікке арнайы сұраныс та жіберіп қойдық. Қазіргі таңда ондай жұмыс атқарылып жатыр министрлікте. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ШҚО алдағы уақытта да жұмыс атқарады. Негізі өзі айтқандай мал шаруашылығына көңіл аударуды жоспарлап отырмыз.

Ауыл шаруашылығын дамыту – тек қаржы бөлу емес, оның қайтарымын арттыру. Ендігі мақсат – мал шаруашылығын күшейтіп, ауыл еңбеккерлерінің табысын арттыру. Бұл – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және аграрлық әлеуетті толық пайдаланудың басты шарты.

Нұртас Қайролдаев