Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтай отырысында құқықтық жаңашылдықтар ұлттың өзіндік санасының өсуімен және азаматтық жауапкершіліктің нығаюымен тығыз байланысты болуы аса маңызды екенін айтты. Президент мемлекет әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін берік қорғайтынын атап өтті. Осы орайда, «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ екені, оны әр азаматтың бұлжытпай сақтауға міндетті екені ерекше атап өтілді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз, бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Ондай қатігездікке ешқашан жол беруге болмайды деп басып айтты.

Қорлан Туғамбаева, «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ төрағасы:

Құрылтайда менің өзіме ең есімде қалғаны емес, жалпы осы мәселенің қозғалуына өте риза болғаны ол қыз алып қашу мәселесі. Салттың озығы да бар тозығы да бар. Дегенмен де бүгінде бұл салт дәстүр емес. Біздің дәстүрімізге жат нәрсе. Бұл адам ұрлау, қылмыстық жаза қолданатын үлкен бір қылмыстық іс деп есептеймін. Қыз баласының қауіпсіздігін қолға алу мемлекеттің ең басты парыздарының бірі деп ойлаймын.

Нұртас қайролдаев