Өңірде жұмысқа орналастыру бағдарламалары белсенді түрде жүзеге асырылуда. Өткен жылы 28 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған. Биыл аймақта жұмыссыздық деңгейін төмендету мен жаңа жұмыс орындарын құру басты назарда. Оған қоса, әлеуметтік қорғалмаған топтарға және еңбекке жарамды азаматтарға қолдау көрсету жалғасады.
Өңірде жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында аймақтық жұмыспен қамту картасы жүзеге асырылуда. 2025 жылы жоба аясында 21 770 тұрақты және 7 151 уақытша жұмыс орны құрылды. Жоспарланған бағыттар жеке кәсіпкерлік бастамалар, жаңа бос орындар, субсидияланған жұмыс орындары, инфрақұрылымдық және инновациялық жобалар. Оған қоса, өткен жылы аймаққа 794 адам көшіп келді. Оларға біржолғы төлемдер, тұрғын үйді жалға алу және коммуналды қызметтерге көмек көрсетіледі.
Арайлым Есімбекова, Облыстық еңбек мобильділігі орталығының директоры:
Өткен жылы осы тұрақты жұмысқа осы біздің мансап орталықтары арқылы 10547 адам жұмысқа орналасты. Одан бөлек, жаңа айтып отырмын, уақытша жұмыс. Ол субсидияланатын жұмыс орындары деп аталынады. Бұл жерде төрт бағытта біз осы жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз етеміз. Біздің орталықтың үлкен, ауқымды жұмыстарының бірі ерікті түрде қоныс аударушыларға қолдау көрсету. Жаңағы біз оңтүстік өңірлерге барып үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз.
Еңбек мобильділігі орталығының қызметі – жұмыс іздеушілерге жұмыс орындарын ұсыну және мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру. Бүгінде өңірде 13 еңбекке бағытталған орталық жұмыс істейді. 2025 жылы мекеме арқылы 10 547 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Оған қоса, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары, «Күміс жас» жобасы арқылы азаматтар уақытша немесе субсидияланған жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.
Сәуле Зарлық, облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары м.а.:
Биылғы жылы 2025 жылғы үшінші тоқсандағы деректерге сәйкес біздің облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрап отыр. Қазақстан Республикасы бойынша 4,6 пайызды құрайды. Енді осы өңірлік жұмыспен қамту картасы осы 2026 жылға да бекітіп отырмыз. 17440 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Соның ішінде тұрақты жұмыс он үш мыңнан артық. Уақытша жұмыс орындары 4394 адамды құрайды деп жоспарлап отырмыз.
Биыл 8 301 адамды жаңа тұрақты жұмыс орнына орналастыру жоспарлануда, 3 205 субсидияланған жұмыс орындары құрылмақ.
Талант Тұрсынов