Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда Абай Құнанбайұлының «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізу қажеттігін атап өтті. Президенттің айтуынша, Абай мұрасы ұлттық болмысымыз бен рухани бірегейлігіміздің өзегіне айналуы тиіс.
Зарина Жиенбекова, Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының кітапханалық коммуникация орталығының басшысы:
Президент Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енгізудің маңызын нақты айқындап берді. Бұл туынды бүгін де, ертең де өзектілігін жоғалтпайды. Ондағы ойлар әр адамға әр кезеңде әртүрлі қырынан әсер етіп, санамызға ой салады. Бұл – біздің ұлттық қазынамыз, өмірлік бағдарымыз, әлемдік әдебиет пен философиядағы айрықша орнымыз.
Талант Тұрсынов