Энергетика жүйесінің орнықты болуын қамтамасыз ету үшін теңгерімді қуат көздерін тезірек іске қосу қажет. Бұл – ең алдымен газдан қуат өндіруге қатысты мәселе. Жаңа кен орындарын іздеу арқылы табиғи газ өндіру ісінің әлеуетін арттыру керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың V отырысында атап өтті. Бұл саланы дамыту экономикаға серпін береді. Сондықтан қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, жаңа кен орындарын игеру мақсатына инвестор тарту маңызды.

Былтыр елде тауарлы газ импорты 18 пайызға өсіп, 4,5 миллиард текше метрге жеткен. Президент Ұлттық Құрылтайда жаңа газ кеніштерін ашу жұмыстары өте баяу жүргізілуде екендігін айтты. Сонымен қатар QazaqGaz басшылығына жеке қаражат есебінен және инвесторларды тарту арқылы кен орындарын игеруді тапсырды. Бұдан бөлек газ өңдеуге қатысты ірі жобалардың дер кезінде іске қосылуын қатаң бақылауға алып, нақты нәтиже керек екендігін ескертті.

Айбек Ақаев, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ сәулет-құрылыс және энергетика мектебінің деканы:

Еліміздегі энергетикалық тұрақтылықты нығайтуда ол жаңа газ тепетеңдеуші қуат көздерін ашу керек деп айтты. Бұл жерде ең бірінші айтылатын нәрсе ол газ генерациясын тұтыну. Бірақ, кейінгі кезде елімізде газды тұтыну деңгейі оның жаңа кен орынын ашу қарқынынан өте асып отыр. Ол дегеніміз жеткілікті түрде жаңа осы газ кен өндіріс орындарын ашу өте баяу түрде жүзеге асырылып отыр. Және де тағы да бір айтатын маңызды мәселе ол су генерациясын пайдалануды атап өтті. Бірақ кейінгі кезде бізде су потенциалын жеткілікті түрде оның потенциалы анықталмай отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының су энергетикалық ресурстарының шынайы картасын дайындауға тапсырма беретінін атап өтті.

Салтанат Кеңесбекқызы