Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов пен аудандық мәслихат төрағасы Гүлмайра Қалиева Пролетарка ауылындағы «Багратион-Ұлан» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Жиын барысында ауданда 2025 жылы іске асырылған жобалар мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сөз болды. Бұдан бөлек, 2026 жылға арналған негізгі жоспарлар мен басым бағыттар талқыланды.

Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Өндірісті дамыту, еңбек жағдайлары және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Арман Бекбосынов, Ұлан ауданының әкімі:

Пролетарка аууылына келіп отырмыз. Ірі мекемелер ішіне кіреді. 175 жұмыс орын бар. Осы мекемеде жұмыс істеп жатқан азама-азаматшалармен кездесіп талай сұрақтар көтерілген болатын. 45 ауылдың ішінде желтоқсан айында 43 ауылды аралап шыққанбыз.

Сонымен қатар, кездесу аясында кәсіпорында шығарылатын өнім түрлері таныстырылып, өндірістік үдерістің қазіргі жағдайы мен даму бағыты сөз болды.

Руфина Мельниченко, «Багратион-Ұлан» ЖШС қызметкері:

Мұндағы ірімшіктер – сапалы, құнарлы әрі таза. Барлық өнім табиғи шикізаттан, ешқандай қоспасыз дайындалады. Сондықтан «Багратион» өнімдерін балаларға да еш алаңсыз ұсынуға болады. Себебі, кәсіпорын өнім сапасына баса мән береді.

Жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, ауданды дамыту жұмыстары алдағы уақытта да игі жалғасын таппақ.

Сая Жарасқызы