ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 9 жаңа автокөлік берді. Орман шаруашылығы қызметкерлері жаңа техникаға қол жеткізгендеріне дән риза. Енді Катонқарағайдың бірегей табиғатын қорғау жұмыстары қатаң бақылауда болады. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында материалдық-техникалық базаны нығайтуға, сондай-ақ орман қорғау қызметінің кадрлық әлеуетін арттыруға ерекше мән беріледі.
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің негізі қалғанына биыл 25 жыл болды. Осы уақыт ішінде парк қызметкерлері бұл өлкенің бірегей флорасы мен фаунасын көздің қарашығындай сақтап келеді. Парк бес филиалға және он орманшылыққа бөлінеді. Бүгінде мұнда 354 штаттық қызметкер еңбек етеді. Сондай-ақ 164 штаттан тыс және маусымдық бақылаушылар бар. Еліміздегі ең ірі парк 600 мың гектардан астам аумақты алып жатыр. Мамандар ең басты қауіп-қатерлердің бірі – өрт екенін айтады. Сондықтан олар орман алқаптары мен бірегей экожүйені қорғау мақсатында барынша алдын алу шараларын жүргізеді. Өрт орын алған жағдайда жедел әрекет етіп, табиғатқа келетін залалды барынша азайтуға күш салады.
Жанболат Тыныбеков, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры:
Былтырғы жылы 12 өрт тіркелді. Осы ерте қимылдаудың арқасында біз ерте кезде өшіріп алдық. 12 өрттің аумағы 1 гектарға жеткен жоқ. Былтырғы жылы біз кішкене өрт сөндіру комплекстерін алсақ, 2 дөңгелекті тракторлар алсақ, биылғы жылы міне 9 АС үлкен өрт сөндіру машиналары келіп жатыр. Автокөлік заманауи технологияға байланысты құрал жабдықтармен қамтамасыз етілге. Ішінде 60 жуық құралдар бар. Соның ішінде айта кетсек, көру камералары өрт кезінде жалғыз алдын ғана көрмейді ғой жаңа технологияға байланысты 140 градус айналып, қарау. Артындағы видеонавигатор солардың барлығы қойылған 48 нені ұстайтын радиостанциялар қойылған.
Мамандардың айтуынша, жыл сайын қайталанатын табиғи қауіп-қатерлер жағдайында заманауи техниканың мүмүкіндігі зор. Өртті ерте анықтаудан бастап, жедел әрекет етуге дейін ықпал етеді. Жаңа техника бөлімшелердің ұтқырлығын арттырып, қолжетімі қиын учаскелерде жұмыстың тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Катонқарағай ұлттық паркінің аумағындағы өртке қарсы қауіпсіздікті күшейтуге ықпал етеді. Сондықтан жаңадан берілген автокөліктер орманшылардың жұмысын әлдеқайда жеңілдетуге септігін тигізері анық.
Арнас Ауғонбаев, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бас директорының орынбасары:
Бізге ұлттық паркке 9 жаңа автокөлік беріліп жатыр. Камаз АС. Бұл автокөліктер орман дала өртін сөндіруге толығымен жабдықталған. Ең басты нәрсесі өзін-өзі өшіру функциясы бар. Түнгі уақытта жұмыс істесе фонаригі бар. Автокөлікте GPS және насимый, стационарный рациямен жаюдықталған. Қалғаны айта кететін шанцевый инструмент дейміз, хлапушкалар, күректер, мотопомпа, РЛО дейміз сонымен толығымен жабдықталған.
Сайранбек Дюйсенбин Өрел орманшылығанда автокөлік жүргізушісі болып еңбек етеді. 2001 жылдан бері өз кәсібіне адалдық танытып келе жатқан ол заманауи техниканың жұмысты әлдеқайда жеңілдететіндігіне сенімі мол.
Сайранбек Дюйсенбин, көлік жүргізушісі:
Осы жаңа техниканы игілігімізге ұстаймыз деп ойлаймын. Бұл Катонқарағайдың таулы өлкесіне беріліп тұрған техника жаңа құрал жаюдықтармен жабдықталған. Енді келешекте осы катонқарағайдың ұлттық табиғи паркінің келешекте ұрпаққа сақтап қаламыз деп ойлаймын.
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Жанболат Тыныбековтиың айтуынша, биыл маусым айында өрттің алдын алу мақсатында ерте анықтау жүйесін орнату жоспарланған. Атап айтқанда, таулы аймақта өрт туындаған жағдайда сигнал беретін датчиктер арнайы діңгектерге орнатылады. Бұл өрт сөндіру қызметкерлерінің оқиға орнына дер кезінде жетулеріне мүмкіндік береді.
Салтанат Кеңесбекқызы