Бұрын мемлекеттік қызметке тұру үшін қағазбастылық пен ұзын-сонар кезек қалыпты жағдай еді. Ал бүгінде бәрі өзгерді. Енді мемлекеттік қызметші атану үшін тек интернет пен біліміңіз қажет. Жаңа онлайн іріктеу жүйесі қалай жұмыс істейді? Әріптесімнің сюжетінде.
Іріктеу жүйесі барынша ашық әрі қолжетімді. Ол үшін «eQyzmet» ақпараттық жүйесіне тіркелу қажет. Іріктеуді қашықтықтан өтуге болады. Жүйе азаматтарға өздерінің түйіндемелерін онлайн түрде жіберіп, қажетті құжаттарды оңай тіркеп, мемлекеттік қызметке қабылдау процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік іріктеудің онлайн жүйесі арқылы өткендердің бірі - Ерқанат Маршалов. Бүгінде ол ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының қосымша құн салығын әкімшілендіру бөлімінің бас маманы.
Ерқанат Маршалов, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы:
«eQyzmet» менің ойымша өте ыңғайлы. Себебі ашық әрі әділ түрде өтеді. Барлық үміткерлер тең дәрежеде. Бұл жақта жұмыс беруші үміткердің атын немесе қай қаладан ешқандай информация біле алмайды. Сұхбаттан кейін, баға қойғаннан кейін белгілі болады. Сол себепті бұны жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ретінде айтуға болады.
Платформа үміткерлердің барлық мәліметтерін тексеріп, олардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды. Осылайша, мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынастарды оңтайландырып, ашықтықты арттыруға ықпал етеді.
Аяулым Усинова