«AMANAT» партиясының шығыстағы филиалында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Жиында жобадағы саяси жаңғыру мәселелері мен ұсынылып отырған өзгерістердің ел дамуына әсері жан-жақты қаралды.

Жиында жаңа Конституция жобасының мақсаты, елдің құқықтық және саяси жүйесін жаңғырту мәселелері талқыланды. Жаңа құжатта көрсетілген адам капиталы, білім, ғылым мен инновацияны стратегиялық бағыт ретінде қарастыру тетіктері қарастылылды. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын күшейту мәселесі де отырыстың маңызды тақырыптарына айналды.

Тұрарбек Әзекенов, «Казцинк» ЖШС бас директорының кеңесшісі:

Қазақстан жаңа даму кезеңіне қадам басты деп айтуға болады. Конституцияның өзгерістері заманауи халықтың бүгінгі, ертеңгі, басқа да істелетін істердің қалын қамтитын, бір ден бір құжат. Ішінде «Заң мен тәртіп» айналасында қарастырылып жатқан үлкен жұмыс. Бұл жұмысты көп мәселе көтеріліп жатыр. Бұл жобада түрлі әлеуметтік сарапшылар қатысып жатыр. Халықтың өзі ойларын білдіріп, 4 мыңнан астам ұсыныстар түскен. Өз ойымды айтсам өндірісте жұмыс істегендіктен, көңіліме толатыны- жасанды интеллект, табиғатты қорғау, экология дегеннің бәрі Ата заңымызға кіріп жатқаны өте үлкен өзгеріс. Халық бәрі қатысып, өз ұсыныстарын білдіріп жатқандықтан, Конституцияның жаңа жобасы бәріміздің ойымыздан шығады деп ойлаймын. Өз басым қолдаймын. Жақсы жұмыстар жүргізіліп жатыр деп айтқым келеді.

Жұмысшылардың құқықтары конституциялық деңгейде қорғалған. Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы және әлеуметтік қорғау. Бұл нормалар еңбек қауіпсіздігі мен азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Гүлмира Байркенова, заң ғылымдарының кандидаты:

Жалпы, менің ойымша осы құрылтайды партиялық тізімдер бойынша яғни пропорциналды өкілеттілік бойынша жинақталуы - ол қазір ең алдыңғы қатардағы мемлекеттердің тәжірибесін қарастырып отыр. Енді біздің Қазақстан мұндай маңызды жұмысқа, маңызды сәтке дайын деп ойлаймын. Себебі, 30 жылдан астам Қазақстанда саяси партиялар жұмыс істеді. Қазір бізде 7 саяси партия ресми тіркелген. Олардың өздерінің тәжірибелері жинақталды. Халық оларды біледі. Халықтың саяси партия мүшелеріне, өздерінің саяси мәдениеттері белгілі бір деңгейге жетті деп ойлаймын. Сондықтан, осы партиялық өкілеттілік құрылтайды жоғарғы өкілеттілік органда дұрыс шешім деп қабылдаймын.

Отырыста депутаттар білім беру жүйесіне ерекше назар аударылғанын тілге тиек етті.

Светлана Кривицкая, облыстық Мәслихат Депутаты:

Жаңа Конституция жобасы соңғы алты ай бойы талқыланып келеді. Жұмыс топтарына тәжірибелі сарапшылар, заңгерлер тартылды. Қалай айтсақ та, бүгінгі таңда жаңа Конституция жобасы қоғамның мүдделерін толық көрсетеді, бұл құқықтық негіздерді нығайту мен азаматтардың мемлекеттік басқаруға белсенді қатысуымен байланысты.Мен, білім саласының өкілі ретінде, жобада мемлекет өзіне қандай жауапкершілік алады деген мәселеге ерекше назар аударамын.ол білім сапасы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау және барлық азаматтарға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету міндеттерін қамтиды.

Жаңа Конституция жобасы жаңа саяси институттарды қалыптастырады, дейді партиялықтар. Бұл өзгерістер елдегі саяси жүйені жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Нұртас Қайролдаев