Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов Привольное ауылындағы «Багратион» шаруа қожалығының еңбек ұжымымен кездесті. Жиын барысында ауданның 2025 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, 2026 жылға арналған негізгі жоспарлар мен басым бағыттар таныстырылды.

Аймақтағы мал өсірумен айналысатын ірі шаруа қожалықтарының бірі – Багратион. Қожалық етті, сүтті ірі қара, жылқы мен қойдан бөлек, марал өсіреді. Кәсіпорын еліміздің түкпір-түкпіріне сапалы, табиғи дайын өнім түрлерін жеткізіп отыр. Ал дайын өнім сапасының жоғары болуына мал күтімінің де әсер ететіні даусыз.

Қайрат Мишелов, «Багратион» шаруа қожалығы басшысының орынбасары:

150-дей жұмыскер бар. Негізгі бағытымыз – ауыл шаруашылығы . Оның ішінде мал шаруашылығы. Оның өзі 2-3 ке бөлінеді. Сүт сауатын ферма, ірі қазақтың ақбас тұқымды малдарын өсіреміз. Және марал шаруашылығы. Марал шаруашылығы бүгінгі күнде жақсы өсіп өніп келеді. 1000-ға жуық марал бар.

Ұлан ауданына қарасты Привольное ауылы күн санап көркейіп келеді. Ауыл тұрғындары оң өзгерістерге дән риза. Мұнда спорт нысандарын ретке келтіру жұмыстары жалғасуда. Бұл нысан аудан спортшылары мен тұрғындары салауатты өмір салтын насихаттап, жастардың бос уақытын тиімді өткізетін орталыққа айналмақ.

Айдар Чурбанов, Багратион ауылдық округінің әкімі:

Біздің мақсатымыз кіші залын клуб қылып жасап, бұл жағын спортқа пайдалансақ деп. Себебі біздің ауылымыз облыс, республика көлемінде дүниеге танымал спортшылар бар бізде. Сол біздің жастарымызға осы үлкен бір себеп болады деп ойлаймын. Ар жағында тағы бір мақсатымыз бар. Жастар жастар дей бермей үлкен кісілерге де бір кешке жақын бас қосып, шүйіркелесіп ақылдасып.

Бұдан бөлек, ауылда дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер бой көтеріп, қайта жаңғыртылуда.

Гулчехра Смайлова, жалпы тәжербиелік дәрігер:

Халық өте риза. Жаңа ауырухана берілгеніне. Бұл жерде экг, экстрендік жағдайдағы қан талдаулары, кіші дәрет анализдерін тапсырады. Приемнан тыс уақытта вызовтарға барамыз. Шақырту бойынша. Станцианорлық көмек көрсетіледі.

Ауылда мектептің материалдық-техникалық базасы білім беру стандарттарына сай. 51 сандық камера орнатылып, жаңа модификациядағы биология және IT-кабинеттері жабдықталған. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар үшін де барлық жағдай қарастырылған. Бұдан бөлек, 44 оқушыны тасымалдау ұйымдастырылған.

Рәбиға Сержан, Привольное мектеп-бөбекжай-балабақша кешені директорының орынбасары:

Қазіргі таңда мектеп ғимаратында 180 балаға арналған орын бар. 119 оқушымыз бар. Оның 17 мемлекеттік тілде. 109 орыс тілінде білім алады. Мектепке дейінгі тәрбиеленушілер саны 23. Оның 7-сі қазақ тобында, 16-сы орыс тобында тәрбиеленіп жатыр. 33 педагог жұмыс жасайды. 4 педагог -зерттеуші, 8 педагог-сарапшы, 16 педагог-модератор.

Ұлан ауданында ауылдарды көркейту, көгалдандыру жұмыстары одан әрі жалғасын таппақ.

Сая Жарасқызы