Облыс орталығындағы «Өскемен» аллеясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ерекше әрі мәні терең шара өтті. Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов биыл мектеп бітіретін түлектерімен бірге 2,5 мың түп көшет отырғызды.

Акция «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында өтті. Бұл 11 сынып оқушылары үшін биылғы ең ауқымды экологиялық шаралардың бірі болды. Әр түлек ағаштарды өз қолдарымен егіп, туған қаласына деген алғыстарын осылай білдірді. Бұл тарихи сәт. Себебі, бұл жер енді болашақта түлектердің үнемі келіп тұратын сүйікті орнына айналары хақ.

Мейір Жеңісов, мектеп оқушысы:

Бүгінгі таңда біздің түлектеріміз барлық осы КШТ ауданының оқушылары осы акцияға белсене қатысуда. Біздің 48 мектеп осындай акцияларға жиі қатысады. Біз өзіміздің Қазақстанымызды. Таза Қазақстанымызды көркейтуге атсалысып, осындай жобаларға қатысып отырамыз.

Кәусар Аянқызы, мектеп оқушысы:

Жалпы қалаға ағаш отырғызу бұл жай ғана шара емес, 48 мектеп мұндай акцияға жиі қатысады. Қаланы жасылдандыру бұл «Жасыл ел» акциясына, ауаның тазаруына экологияға үлкен өзіміздің үлесімізді қосқымыз келеді.

Айгерім Дүйсенбекова, мектеп оқушысы:

Бұл біздің қаламыздың экологиясын жақсартуға өте қатты көмектеседі. Біз келесі жылдары өзіміз отырғызған ағаштарымызға келіп, қаншама естеліктер болады осы жерде.

Акция барысында өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов жастарға бұл шараның ерекше мәні бар екенін атап өтті. Себебі, табиғатқа деген жанашырлықты, туған жерге деген сүйіспеншілікті, ел болашағына деген жауапкершілікті дәл осындай бастамалар арқылы жастардың бойына сіңіруге болады.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Таза Қазақстан дегеніміз әрбір азаматтың ішкі жан дүниесінің, мәдениетінің көрінісі. Әрбір ағаш отырғызған бала енді ол ағашқа жауапты. Оны еш уақытта ұмытпайды. Қанша жылдар өтсін, уақыт өтсін. Қай жерде болмасын ол сол ағаш туралы біліп жүреді. Ойлап жүреді. Уақыт бұйрывтқан кезде бала -шағасымен келіп, баласына мына ағашты мен отырғызғам деп айтатын болады. Атасы отырғызған ағаш түбінде балалары, ұрпағы саялайды деген сөз бар мынау соның көрінісі.

Шараға қатысушылар оқу жылының аяқталуы тек салтанатты жиындар мен ақ тілектермен шектелмеуі керек деп санайды. Осындай игі істерден қалыс қалмай, елдің өркендеуіне үлес қосу әлдеқайда маңызды.

Орынгүл Әбдірахманова, М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебінің мұғалімі:

Жалпы жыл көлемінде қатысып жүрміз. Жыл да келеміз. Биыл да келдік. Үш 11 сыныптан әкеліп отырмыз 59 баланың ішінен келдік.

Мұндай бастамалар жастарды Отансүйгіштікке баулып, туған жердің гүлденуіне, жасыл желекке орануына қосқан үлесінің шынымен маңызды екенін түсінуге көмектеседі.

Салтанат Кеңесбекқызы