Облыс орталығында «АМАNAT» партиясының ШҚО филиалының Бастауыш партия ұйымдарының ІІ өңірлік форумы өтті. Шараға бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділері партия мүшелері мен ардагерлер қатысты.

Мақсат бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жетілдіру, партияның өңірлердегі саяси және қоғамдық бастамаларын тиімді іске асыру, тәжірибе алмасу.

Жанат Мекеева, «АМАNAT» партиясының ШҚОФ төрағасы:

Шығыс Қазақстан облысында 158 бастауыш партия ұйымдары бар. 32 мыңнан аса партия миүшесі бүгінгі күні партия қатарында бар. Бүгінгі форумның мақсаты партияның негізгі бағытын осы күнге дейін атқарылған жұмыстарын есебі, алдына қойылған мақсаттарды талқылап, ары қарай жұмыс бағытын анықтап бас қостық.

Форум аясында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, қоғамдық-саяси салаға қатысты пікірлер ортаға салынды. Форум барысында көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп-ұстау және тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесіне көшу мәселесі де талқыланды.

Владимир Грицай, облыстық қоғамдық кеңес жанындағы ТҮКШ мәселелері жөніндегі комитет төрағасы:

Біз пәтер иелері кооперативі жанынан алғашқы партиялық ұйым құрдық, қызмет көрсетуші ұйымдардың өкілдерін шақырдық. Мәселелерді жедел шешу мақсатында консультативтік кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Форумға облыстың барлық аудандарынан делегаттар келді. Бастауыш партия ұйымдарының өкілдері негізгі мәселелрді талқылап, өз ойларын ортаға салды.

Еркебұлан Зағыпаров, Зайсан аудандық мәслихатының төрағасы:

Мемлекетіміздің саясатын, президентіміз берген тапсырманы орындауда «Аманат» партиясы әр уақытта алда. Өйткені жергілікті жерде халықтың Аманат партиясына деген сенімдерін ақтау барысында алға қойған жобаларды жүзеге асыруда алда келе жатырмыз деп партиямызды мен мақтанмен айта аламын. Біздің өңірде, Зайсан ауданында білім саласына байланысты мектептер салынуда. Балалрдың денсаулығын салауатты ұлт қалыптастыруда салынатын ғимараттарға аманат партиясы бастауыш партия ұйымы бағыт бағдар беріп, осы жұмыстарды іске арсуда бағдарда ұстайды.

Форум соңында «AMANAT» партиясының облыстық филиалы мен «Шығыс Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасында қызметкерлердің құқықтарын қорғау және бірлескен іс-қимылдар жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, ардагерлер мен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ он қатысушыға салтанатты түрде партия билеттері табысталды.

Салтанат Кеңесбекқызы