Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Зайсан ауданына жұмыс сапарымен барып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты. Іс-сапар барысында бірқатар маңызды құрылыс нысандарын аралап, жүзеге асып жатқан жобалардың орындалу қарқынын бағамдады.
Алдымен аймақ басшысы Зайсан қаласында салынып жатқан жаңа әуежайдың құрылыс алаңында болды. Қазіргі таңда стратегиялық маңызы бар нысанда жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Жобаның жүзеге асуы ауданның көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, тұрғындардың қатынас мүмкіндігін кеңейтпек.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Біз Зайсан қаласындағы әуежай құрылысын көріп қайттық онда 75-80 пайызға жуығы бітіп отыр. Құрал-жабдықтар Казаэронавигация мекемесімен сатып алынып орнатылатын болады. Ал мердігер құрылыс жұмыстарын шілде айына дейін аяқтайды деп күтіп отырмыз. Қажетті техника құрылыс жұмыстарына қажетті адамдар жеткілікті. Және президент тапсырмасы аясында биыл толық аяқтап іске қосамыз деп отырмыз.
Ербол Тәжібаев, «ЭЛХОН-СТРОЙ» ЖШС инженері:
Әуежайдың ұшып-қону алаңы 100 пайыз аяқталды. Перон да 10 пайызға аяқталды. Жүру жолағы да аяқталды. Қаір 4 кезеңмен жұмыс істеп жатырмыз. Онда бізде терминал мен авариялық құтқару желілері мен қосалқы ғимараттар қалды. Олардың өзі де 75 пайызға бітіп қалды.
Жауапты мердігерлердің айтуынша, жаңа әуежайдың құрылысы жыл соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған. Қазіргі таңда негізгі нысандардың басым бөлігі дайын болып, ішкі әрлеу және инженерлік жүйелерді іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек облыс әкімі Қаратал ауылында салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен танысты. Медициналық нысан толық аяқталған. Қазіргі уақытта ішкі жарықтандыру жүйесін орнату және қажетті медициналық құрал-жабдықтарды жеткізу жұмыстары күтілуде.
Мадина Мырзабекова, Зайсан аудандық ауруханасының бас дәрігері:
Бұл амбулаторияда өзінің ЭКГ кабинеті, лабараториясы мен дәрілер қоймасы болады. Сонымен қатар даму орталықтары, ерте жастағы балаларды дамыту орталықтары болады. Халыққа қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады.
Іс-сапар барысында Нұрымбет Сақтағанов Үлкен Қаратал ауылында бой көтеріп жатқан 150 орындық жаңа мектептің құрылыс алаңына да ат басын бұрды. Ауыл тұрғындары бұл білім ордасының салынуын көптен күткенін айтып, жаңа нысанның пайдалануға берілуін асыға күтетіндерін жеткізді.
Әлия Иманбаева, «Қазақстан» орта мектебінің директоры:
Қазақстан орта мектебі 2000 жылы пайдалануға берілген. Ол жертөледен және бір қабатынан тұрады. 2021 жылы жертөлемізден су шықты. Ол жерде бізде асхана шеберхана және басқа кабинеттер болған. Оларды үстіңгі қабатқа көтергеннен кейін бізде кабинет саны азайып қалды. Осы мектеп салынғалы бері бүкіл ауыл, ұстаздар қуанышты болдық. Енді құрылыс басталғаннан бастап, бақылап отырмыз. Енді бұл жаңа мектеп болғандықтан заманауи стандарттарға сай салынады деп ойлаймыз.
Жаңа мектеп заманауи талаптар мен білім беру стандарттарына толық сай салынып жатыр. Оқу кабинеттері қажетті техникалық құралдармен жабдықталып, оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасалмақ.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау мекемелерін қайта жаңғырту аясында біз Қаратал ауылында. Осы емхананың құрылысы бітуге жақындаған баролық құрылыс жұмыстары аяқталған. Тиісті құрал жабдықтар мен біршама жұмыстары қалды. Алдағы екі апта көлемінде бітеді. Бір ай көлемінде лицензияларды алып оны іске қосамыз деп отырмыз. Сонымен қатар Үлкен Қараталдағы 150 орындық мектеп құрылысы да бітуге таяу. Осы жаңа оқу жылына дейін толық аяқталып біздің балаларымыз жаңа оқу жылын, жаңа мектепте қарсы алады деп ойлап отырмыз.
Зайсан ауданында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар өңірдің даму қарқынының жоғары екенін көрсетеді. Жаңа нысандар тұрғындардың өмір сапасын жақсартып, ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.
Нұртас Қайролдаев