Халықаралық балалар күніне орай қалада «BB-fest» мерекелік бағдарламасы ұйымдастырылды. Балғындардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйіне толы шараға жүздеген бала мен олардың ата-аналары қатысты. Бұл күні балалар үшін қызықты ойындар, шығармашылық байқаулар, шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, қатысушылар өз өнерлерін шыңдауға мүмкіндік алды.

Биылғы мерекелік шара еркін форматта өтті. Балалар сурет салып, қолөнер бұйымдарын жасап, гүл екті. Мақсат – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Айым Алтай:

Осы мерекеге мен келдім. Маған айналасы өте ұнайды. Мен өте қуаныштымын. Менің көңіл күйім жақсы.

Зейнеп Нұрбекқызы:

Көңілді өтіп жатыр. Мен ата-анама үлкен рахмет айтамын. 1 июнь балалр күнімен құттықтаймын. Әр бала бақытты болуға лайықты.

Мерекелік шараға балалармен бірге ата-аналар да белсенді қатысты. Олардың айтуынша, мұндай іс-шаралар бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап қана қоймай, отбасы мүшелерінің бірге уақыт өткізуіне мүмкіндік береді.

Гүлмира Ибраева, қала тұрғыны:

Бүгінгі балаларды қорғау мерекесіне немерелеріммен келіп қалдым. Мереке керемет жақсы өтіп жатыр. Балаларға бақытты балалық шақ тілеймін. Дендері сау болсын.

Айгерім Оралханова, қала тұрғыны:

Бүгінгі балаларды қорғау күні құтты болсын. Әрбір балалның дендеріне саулық тілеймін. Әрқашанда жадырап, дендері сау болсын. Тек қана жақсылық тілеймін.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар балалардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.

Алмаз Джакишев, «Байтақ» партиясының ШҚОФ атқарушы хатшысы:

Бұл шараның маңыздылығы өте жоғары. Жылда біз әртүрлі концепция негізінде өткіземіз. Биылғы концепцияда көбінесе отбасылық құндылықтарды арттыру, одан бөлек балалардың профорентированный дедйді ғой болашаққа қадам жасаған кезде бір істі игере білуін білетіндей етіп, мүмкіндік беретіндей етіп жасап отырмыз.

Мерекеге орай өткен шара барысында әр балаға арнайы карта табысталды. Олар түрлі ойындар мен қызықты сайыстарға белсенді қатысып, картаға ұпай жинады. Жиналған ұпай бойынша тәттілер мен бағалы сыйлықтар таратылды.

Салтанат Кеңесбекқызы