Өскеменде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері арасында республикалық спартакиаданың іріктеу кезеңі өтті. Елдің бес өңірінен келген командалар спорт алаңында өзара бақ сынасып, келесі кезеңге жолдама үшін барын салды.
Спорттық шараға Шығыс Қазақстан облысы, Абай және Ұлытау облыстары, сондай-ақ Қарағанды мен Павлодар облыстарының командалары қатысты. Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, шахмат және киберспорт түрлерінен сайысқа түсті.
Нұрсерік Секербеков, спартакиада қатысушысы (Қарағанды облысы):
Қарағандыдан отыз қырық шақты адам келдік. Бүкіл спорт түрінен. Жеңіске жетеміз деген үміттемін, нострой өте жақсы. Былтырғы жарыс Қарағанды облысында өткендіктен бізге қатты жаттығу керек болды. Мықтылап дайындалдық.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорттық жарыстың басты мақсаты - үздік командаларды анықтау ғана емес, сонымен қатар еліміздің әр өңірінен келген әріптестер арасындағы кәсіби байланысты нығайту.
Сайранқан Қабыш, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:
Мемлекеттік кірістер комитеттінің қолдауымен биыл үшінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Сондықдан келген барлық қатысшыларға сәттілік тілейміз. Бір бірімізге татулығымыз ары қарай аса береді деп ойлаймыз.
Жарыс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы волейбол мен үстел теннисінен жеңімпаз атанды. Шағын футболдан Абай облысының өкілдері үздік нәтиже көрсетті, ал шахмат турнирінде Қарағанды облысының командасы жеңіске жетті. Сонымен қатар, спартакиада аясында жекелеген номинациялар бойынша да үздік спортшылар анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.
Жасұлан Мұсаханов, спартакиада қатысушысы (ШҚО):
Біз ШҚО-ның мемлекеттік кірістер департаментінің волейбол командасы бойынша бірінші орын алдық. Өте қуаныштымыз. Басшылыққа көп рақмет. Бәрі жақсы болды.
Аян Артуров, спартакиада қатысушысы (Абай облысы):
Жарыс жоғары деңгейде өтті. Біз алдын ала дайындалып, жаттығу жасадық, соның нәтижесінде осы жүлдеге қол жеткіздік. Барлық командалар жақсы дайындалған.
Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім бар.
Бекарыс Секен