Балаларды қорғау халықаралық күніне орай Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдің дарынды оқушыларымен кездесті. Салтанатты іс-шара барысында республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ оқу, спорт және шығармашылық салаларында жоғары жетістіктерге жеткен оқушылар марапатталды.

Биыл өңірдің жас дарындары халықаралық және республикалық олимпиадалар мен байқауларда жарқын жетістіктерге жетіп, облыс қоржынына 171 медаль қосты. Аймақ оқушылары үшін бұл оқу жылы маңызды жеңістерге, жаңа жаңалықтарға және әсерлі жетістіктерге толы болып, олардың білім деңгейі мен таланттарының жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Осы орйда аймақ басшысы да дарынды балалардың жетістігіне тоқталып, жылы лебізін білдірді.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Сондықтанда біз осы әрдайым тиісті жағдайларды жасауға олардың болашақта ойлаған армандарына жетіп үлкен үлкен еліміздің қарқынды дамуына үлес қосатын, мықты азамат болып өсулеріне барлық жағдайларды жасаймыз.

Жоғарыда айтқандай түрлі жарыс жеңімпаздары бұл шараға өздерінің жасаған бұйымдарын әкеліп, көрмеге қойды. Соның ішінде пластикалық бөтелкелерден жасалған өнім ерекше көзге түсті.

Әліби Бекмұхамбет, жас өнертапқыш:

Өте қарапайым заттардан ғана істедік бұны, пеноплас және бөтелкеден ғана. Оның суы 3/1 бөлігі ғана болу керек. Егер одан көп немесе аз болып кетсе дұрыс ұшпайды.

Мереке құрметіне облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов оқушыларға ақшалай сертификаттар табыстады. Сонымен қатар, іс-шараға қатысқан әрбір балаға қосымша сыйлық ретінде «Дарын» жазғы сауықтыру лагеріне жолдама берілді. Сондай-ақ аталған лагер орынының қызметкерлері де өз орталықтары жайлы тың дүниелермен бөлісті.

Жанна Садықова «Дарын» орталығы директорының орынбасары:

Бұл кездесуге оқуда, шығармашылықта, спортта, жоғары жетістіктерге жеткен халықаралық және республикалық олимпиадалар мен шығармашылық конкурстардың жүлдергерлері шақырылады. Сонымен қатар биыл бірінші рет балаларды қорғау күніне орай «Bala Fest» фестивальі өткізіліп жатыр. Бұл фестивальға облысымыздың әр ауданынан дарынды шығармашыл жастарымыз келіп отыр.

Бұдан бөлек, келушілерге арнап қаладағы өнер орталықтарының өнерпаздары мен домбырашылары мерекелік көңіл күйді одан әрмен әрлеп, күмбірлете күй шертті.

Талғат Әбішев, домбыра пәнінің мұғалімі:

Жұлдыз өнер мектебінен жүзден астам бала қазақтың домбыра деген күйін орындады сахнада. Биылғыжыл мына домбыра ойнаған балалрға өте сәтті жыл. Атап айтсаң мына наурыз мерекесінде площадта бес мыңнана астам домбырашы ойнады. Соның ішінде «Жұлдыз өнер мектебінің балалары домбыра ойнаған.

Осылайша бүгінгі мейрам жоғары деңгейде өтіп, жиналған қауымға кереметтей мерекелік көңіл күй сыйлады. Өңір тұрғындары концерттік бағадарламаларға өз алғыстарын білдіріп, жылы шырай мен тарқасты.

Нұрдәулет Қалибеков