Өңірде мемлекеттік тілді меңгеруге ниетті азаматтардың қатары артқан. Бүгінде қазақ тілін үйрену үшін түрлі мүмкіндік бар. Дегенмен, көпшілік қысқа уақытта нәтижеге жетудің тиімді жолын іздейді. Осы орайда Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы ауқымды істерді қолға алған. Орталықтағы тіл мамандары ересектерге қазақ тілін оқыту курстарын ұйымдастырып келеді. Қазіргі таңда лингвистикалық орталықта мемлекеттік тілді әртүрлі деңгейде оқытатын арнайы бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Мұнда оқытушымен тікелей жұмыс істеу қателерді уақытында түзетіп, сөйлеу машығын тезірек қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, тұрақты тәжірибе мен тілдік орта кез-келген жаста қазақ тілін еркін меңгеруге мүмкіндік береді.
Балжан Серікбекқызы, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушысы:
Кез-келген тілді үйренудің басты жолы – тәжірибе. Күнделікті өмірде қарапайым сөйлеудің өзі пайдалы. Сонымен қатар, қазір қазақша түрлі фильмдер, подкасттар, сериалдар шығып жатыр. Бұларды көру арқылы сөйлеуші сөйлеу мәдениетін үйрене алады.Тағы бір тиімді әдіс – жаңа сөздерді күделікті жаттап отыру. Біздің орталық Қ.Қайсенов көшесі, 121 мекенжайында. Бұл жерде біз ағылшын және қазақ тілдерін тегін оқытамыз. Қазіргі таңда бізде 400-ден асып жығылады оқушылар саны.