Білім күні
Бүгін – 1 қыркүйек, Білім күні. Осыған орай Шығыс Қазақстан облысындағы мектептерде салтанатты жиындар өтіп, оқушылар жаңа оқу жылын бастады. Биыл өңірде 9 мыңнан астам бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Мерекелік шараға бірінші сыныптан бастап бітіруші түлектерге дейін қатысып, ұстаздар мен ата-аналар білім жолына қадам басқан шәкірттерге ақжарма тілектерін арнады.
Білім күні – әр отбасы үшін ерекше мереке. Әсіресе бір үйден бір мезетте әрі бірінші сынып оқушысы, әрі мектеп бітіруші түлек шықса, бұл күннің маңызы тіпті арта түседі. Өскемендік Мамиевтер отбасы үшін де бүгінгі күн толқыныс пен қуанышқа толы. Кенже ұлдары алғаш рет мектепке барса, тұңғыштары 11-сыныпқа көшті.
Дана Мамиева, көп балалы ана:
Бүгін түңғышым 11 сыныпқа табылдырық аттап жатыр. Ал кенже ұлым бірінші сыныпқа қабылданды. Бүгін сондай бір қобалжу бар. Бірінші сынып оқушыма кішке алаңдау бар ал 11 сыныптағы ұлыма ҰБТ табсырады оған да алаңдау бар. Қуанышты сәт деп айтсам да болады.
Ал мектеп табалдырығын жаңа аттаған Ибрахим үшін бүгін бәрі ерекше. Алғашқы қоңырау, жаңа сынып, жаңа достар мен алғашқы ұстаз. Болашақ оқушының мектептен күтері де көп. Оның айтуынша, сабақ оқуға деген қызығушылық қазірдің өзінде қалыптасқан.
Ибрахим Уалбек, мектеп оқушысы:
Мен 1д сыныбына барамын. Мен әріптер білемін. Есеп шығара аламын, сандарды білемін.
Жаңа оқу жылына оқушылар ғана емес, ұстаздар қауымы да тыңғылықты дайындалған.
Әсем Чамакаева, № 40 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры:
Ұстаздар да әрине қатты дайындаламыз. Біз алдын ала тамыз айы бойы сыныптар мен мектебімізді дайындаймыз. Мектепті қалай әсемдейміз оқушыларға қалай көңіл көтеретін әсер қалдыру үшін дайындаламыз. Сонымен қатар ұстаздар да дайындалады. Оқушыларымызды асыға күтудеміз. Үйткені бүгін мерекелі күн. Жаңа оқу жылының жаңа жетістікке жететін жылдың бастауы деп қабылдаймыз.
Жаңа оқу жылында оқушыларды маңызды білім мен үлкен белестер күтіп тұр. Ал бүгінгі алғашқы қоңырау мыңдаған шәкірт үшін табысты оқу жылының бастауы болмақ.
Нұртас Қайролдаев