Негізгі Жаңалықтар Волейбол турнирі өтті

Волейбол турнирі өтті

Өскеменде жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған волейболдан «VOLLEYBALL CUP–2026» спорттық додасы өтті. Жарысқа белсенді жастар жиналып, алаңда өзара мықтыны анықтады.

Жастар командалық ойын арқылы шеберліктерін шыңдап, жеңіске деген жігерін көрсетті. Ұйымдастырушылар бұл бастама жастарды спортқа тартып, белсенді өмір салтын қалыптастыруға серпін беретінін атап өтті.

Аслан Бауыржанұлы, Өскемен қ. Жастар ресурстық орталығының директоры:

Жалпы волейболдың мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын дұрыс насихаттау. Қазіргі уақытта көп жастар белсенді қатысып, 10 оқу орнынан заявка келіп, студенттер арасында алғаш рет жарыс ұйымдастырып отырмыз. 

Алаңдағы тартыс қызу өтті. Әр команда жеңіске жету үшін бар күшін салды. Ойын барысында спортшылардың жылдамдығы мен тактикалық дайындығы сыналды. Жарысқа қатысушылар үшін мұндай сайыстар – өз мүмкіндігін байқап, спорттағы шеберлігін шыңдауға жақсы мүмкіндік.

Ілияс Маутхан, спортшы:

Осы жарысқа жарты ай көлемінде дайындалып, бүгінгі жарысқа келіп отырмын. Бала кезден армандайтынмын қатыссам деп, сол армандап қазір қатысып жүрмін. 

Спорт –жастарды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және жеңіске ұмтылуға тәрбиелейді. Бүгінгі волейбол додасы да қатысушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, командалық рухын шыңдауға мүмкіндік берді.

Аяулым Усинова

Бөлісу