Негізгі Жаңалықтар Облыс әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Облыс әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Ұстаз – шәкіртіне білім беріп қана қоймай, оның өзіне деген сенімін арттырып, өмірден өз жолын табуына, қабілетін ашып, жақсы тұлға ретінде қалыптасуына бағыт беретін жан. Облыс орталығында өңірдің үздік педагогтарын ұлықтау рәсімі өтті. Аймақ басшысы білім саласына елеулі үлес қосқан үздік ұстаздарға медальдар мен марапаттар табыстады.

Мерекелік шара аясында отандық білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан педагогтерге мемлекеттік және ведомстволық марапаттар табысталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ұстаздар «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды.Сонымен қатар педагогтерге «Ыбырай Алтынсарин», «Білім беру саласының үздігі» төсбелгілері, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамоталары, сондай-ақ ШҚО әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Ұстаз білім мен тәрбиенің бастауы,ұлт болашағын қалыптастыратын аса жауапты мамандық иесі. Бүгінде білім мен ғылымды дамыту,педагог мәртебесін арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі,мемлекет басшысы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, мықты мұғалім сапалы ұлттың тірегі деп атап өткендей,еліміздің ертеңі ең алдымен білімді,саналы,әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге тікелей байланысты. 

Мерекелік шарада білім саласында 19 жыл еңбек етіп келе жатқан Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің өндірістік оқытушы шебері Гүлжанат Ахметбекқызы да алғыс хатпен марапатталды.  

Гүлжанат Ахметбекқызы, Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің өндірістік оқыту шебері:

Еңбек өтілімім 19 жыл.2007 жылдан бастап Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінде қызмет атқарып жатырмын.Өндірістік оқыту шебері және арнайы пәндерден сабақ беремін.Жүздеген шәкірт тәрбиелеп, оқу ағарту министірлігінің алғыс хатына жетіп отырмын.Көптеген еңбектің арқасы деп ойлаймын және алғысым шексіз біздің еңбегіміз бағаланып жатқанына.

Шығыс Қазақстан педагогтері білім беру жүйесін дамытуға өз үлестерін қосып, жас ұрпақтың сапалы білім алуына, сұранысқа ие дағдыларды меңгеруіне және болашағын нық қалыптастыруына жол көрсетіп келеді.

Бекарыс Әмірбек

Бөлісу