Негізгі Жаңалықтар Балық аулау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау маңызды

Балық аулау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау маңызды

Облыста балық аулау маусымы кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді. Аймақ аумағындағы су айдындарында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Мақсат судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу.

Құтқарушылардың айтуынша, суға шығар алдында қайықтың және өзге де жүзу құралдарының жарамдылығын тексеру қажет. Сонымен қатар құтқару және байланыс құралдарының болуына көз жеткізіп, ауа райы мен су айдынындағы жағдайды ескерген жөн дейді мамандар.

Нұрасыл Болатқанұлы, ШҚО ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері:

Бірінші қыркүейгінен бастап тоқсаннан астам редтік шаралар жүргізілуде рейд барысында балықшылардың қаупсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынымдамалармен ақпараттық материалдар табысталды. Әуесқойлық балықаулау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұраймыз. 

Жыл басынан бері облыс аумағында шамамен тоқсаннан астам профилактикалық рейд ұйымдастырылған. Шаралар полиция, жергілікті атқарушы органдар және волонтерлік ұйымдар өкілдерімен бірлесіп өткізіледі. Қауіпсіздік ережелерін бұзған азаматтарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 

Исхар Савазов, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары:

Су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзған 97 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 73-і — шағын көлемді кемелерді дұрыс пайдаланбағаны үшін айыппұл арқалаған. Қалғандары судағы қауіпсіздік талаптарын сақтамаған. Құзырлы органдардың мәліметінше, профилактикалық шаралар жыл соңына дейін жалғасады. 

Құтқарушылар әуесқой балық аулау кезінде өз өмірлеріне немқұрайлы қарамауға шақырады. Мамандар суға шықпас бұрын қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өз мүмкіндігіңізге артық сенбеу керектігін ескертті.

Нұрдәулет Қалибеков 


Бөлісу