Негізгі Жаңалықтар Азия ойындарының қола жүлдегері елге оралды

Азия ойындарының қола жүлдегері елге оралды

Шығыс Қазақстан спортшысы Жапонияда өткен ХХ жазғы Азия ойындарында ел қоржынына жүлде салды. Ескек есу слаломынан сынға түскен Анастасия Ананьева каноэ-одан жеке жарыста қола медаль иеленді. Өскеменге оралған спортшыны әуежайдан жақындары, достары, жанкүйерлері мен спорт қауымдастығының өкілдері қарсы алды. 

Әуежайдағы кездесуге спортшының жанкүйерлері мен әріптестері жиналды. Жылы лебіздерін білдіріп, Азия ойындарындағы нәтижесімен құттықтады. Анастасия үшін бұл жарыс бірнеше жылдық еңбектің нәтижесі. 

Анастасия Ананьева, ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері:

Жарыс оңай болған жоқ, өте күрделі әрі толқынысқа толы өтті. Біз бұл додаға бір жыл ғана емес, 2023 жылы Қытайда өткен Азия ойындары аяқталғаннан кейін бірден дайындала бастадық. Осы уақыт аралығында көптеген жарыстарға қатыстық. Дайындық кезеңі де оңай болған жоқ. Барлығымыз бар күшімізді салдық. Соның нәтижесінде осындай көрсеткішке қол жеткіздік.

Анастасия 2023 жылғы Ханчжоудағы Азия ойындарында да осы бағдарламада жүлдеге таласып, күміс медаль жеңіп алған. Сол жарыста оның нәтижесі 119,29 секунд болған еді. Биылғы бәсекеде қола жүлдеге ие болып, Азия ойындарындағы жүлделер санын екіге жеткізді.

Бекарыс Энгельс


Бөлісу