«Алтай – Қазақстан маржаны» республикалық плэнері музейлер қорын заманауи суретшілер туындыларымен толтыруға мүмкіндік береді. Еліміздің суретшілері қорытынды этюдке дайындаған шығармаларын көрмеде ұсынды. Өңір басшысы Даниал Ахметов қолөнер шеберлерінің еңбегін бағалап, пленэр қатысушыларына 100 мың теңгенің сертификаты мен естелік сыйлықтар тарту етті.
ДАНИАЛ АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Сіздерге сүйсіне қараймын. Себебі, сіздер бізге ұқсамайтын адамдардың ерекше тобына жатасыздар. Тамаша дүние тудыратын адамдар. Әр суретші еліміздің құндылығына жатады және сіздер сол елді, халықты танымал ете отырып, бүкіл әлемге қазақстандық қоғамның рухани байлығын әйгілейсіздер».
Өңір басшысының қолынан алғашқылардың бірі болып, 30 жыл бойы тарихи шығармалар жазып келген суретші Ерлан Айтуаров сертификат алды. Ұлан ауданының қарағайлы орманы мен Тайынты көлі жағасында Шығыс табиғатынан шабыт алған мәдениет қайраткері көптеген картинаның авторы.
ЕРЛАН АЙТУАРОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ:
«Әр пленэрде қай жерде болғаныңды, бұл жер қалай деп салыстырасың. Маған әрдайым жаңа дүние іздеу крек. Алтай, Барнаул, Бурабайдың бәрі ұқсас деп ойлайтынмын. Мұнда келемін деп ойламадым. Кейін маған Катонқарағайға барамыз деді. Мен ол жерде болмадым. Тағы да айтарым, бұл жерде әрдайым күн ашық, мұны күтпедім».
Орманды дала мен таулы ландшафты, тау-тастардан, бұлақтардан шабыт алған суретшілер 10 күн ішінде жүзге жуық жұмыс жазған.
ШЫНАР ЕҢСЕБАЕВА, ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
«Көріп отырсыздар, жұмыстары ерекше болды. Әсері ерекше, себебі, есімдері әлемге мәшһүр деуге болады. Керемет, талантты кісілермен сұхбаттасқаныма қуаныштымын. Ендігі біздің өтетін экскурсиямыз да ерекше болады».
Пленэр - жас суретшілердің тәжірибе алмасуына тамаша тәсілі. Этюдтердегі бірлескен жұмыстар бәсекелестік рухымен көмкерілген. Жас суретшілер пейзаждар айналасында портреттік бірнеше картина жазған.
ОЛЬГА ЧАВКИНА, ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ ЖАС СУРЕТШІЛЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
«Біз жас суретшілермен бір күндік пленэрге шығып, тәжірибе алмастық. Бізге бағыт беріп, түрлі техникалар көрсетті. Өзара тәжірибе алмастық. Бізге өте ұнады».
Мұнымен қоса ҚР Көркемөнер академиясының екі талантты суретшісі Сенбіғали Смағұлов ұстаздар мен студенттерге, ШҚО суретшілеріне арнап шеберлік сыныптарын өткізеді.
АЙДОС МЫРЗАХМЕТОВ