Батпақ тәріздес сұйықтық битумды еске салады. Айналадағы ағаштар кеуіп қалған. Қонған құстар мен ит-мысықтың сол жерде өлекселері жатыр.  

ЕЛЕНА ПОЛЯНЦЕВА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: 

«Аумақты зерттей келе жоғары көтерілген кезде,  мазут немесе битумды бүріккіштердің фракциялары табылды. Аумақтың біраз жерін алып жатыр».

Жақында Оксана Илюшкина көршілерімен бірге халық арасында «қара көл» атанған жерден батып бара жатқан күшікті құтқарған.

ОКСАНА ИЛЮШКИНА, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Осы жолмен жүргенде, мұнда бірнеше мазут батпақты көрдік. Бұл жерде күшік жатқан еді, қазір тек бетінің бейнесі қалыпты. Ол қара маймен май болып кетті, соның өзінде бөлшектенген денесін суырып алдық».

Экологтар бос жерге бұл заттың қалай жиналғанынына жауап бере алмай отыр. Мамандар жер қыртысының ластану деңгейінің көлемі мен шұңқырлар тереңдігін анықтамаған.

ЕЛЕНА ПОЛЯНЦЕВА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:

«Заттың құрамы белгісіз, бірақ қоршаған ортаға зиян келтіреді. Себебі, жерасты суларына түсіп жаты. Ішіп отырған суымызға да залалы тиюі әбден мүмкін. 200 метрге дейін. Тұрғылықты ауданның адамдары мен жануарларының батып кету қаупі бар жер. Өрт қаупі бар, егер бұл қара май  жанатын болса бүкіл қала тұншығады. Егер де шара қолданбаса, жаңағы ит-мысық, құстардың өлекселерінің зардабын халық тартады. Бұл қоршаған ортаға үлкен зардабын тигізеді деген сөз. Қазірдің өзінде атазалық жоқ».   

Жергілікті тұрғындар бұл қара батпақтан зардап шегушілер саны көбеюі мүмкін дегенді айтады.

ОКСАНА ИЛЮШКИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

« Бұл батпақ   біреу ғана  емес, мен санадым, бесеу. Мұнда құстар өліп жатыр, балалар темір жолда ойнайды. Балалар түсіп кетсе, аяғы немен аяқталары белгісіз. Сиыр немесе ит түсіп кетуі де ықтимал. Исі де жағымсыз. Қауіпті. Тағы бір оқыс жағдай орын ала ма деп қауіптенеміз. Біз шара қолдануды талап етеміз».

Жақын арада бұл мәселемен айналысатын арнайы комиссия құрылады.