Ұлттық әдебиеттің қалыптасуы мен елдің қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан үш бәйтерек - Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің биыл 125 жылдығы. Облыстық өнер музейінде артына өшпес мұра қалдырған алып тұлғаларға арналған «Өмірлері өнеге үш бәйтерек» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кеш барысында үш бәйтеректің өмір жолы жайлы ақпарат берілді. Бүгінге жеткен мұралары сараланып, жиналғандарға шығармаларынан үзінділер оқылды. Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин бір жылда өмірге келіп, шығармашылықтарын қатар бастап, дүниеден бір мезгілде өтті. Қазақ әдебиетінің негізін салып, елеулі еңбек сіңірді. Олардың қаламынан туған шоқтығы биік туындылар қазіргі уақытқа дейін құндылығын жоғалтқан жоқ. Әдеби-музыкалық кеште  Ақтолқын Жансапова алған әсерімен бөлісті. Халық жүрегінің төрінен орын алған тұлғалар есімі ел жадынан өшпейді. Әдеби-музыкалық кеш қонақтары осындай тағылымды іс-шаралар жиі өтсе деген   пікір білдірді.