Бұл орайда дәстүрлі іс-шаралар жер-жерде өткізілетіні мәлім, соның бірі Өскеменде де ұйымдастырылды. Қоршаған ортаны таза ұстауға шақырған көрмеде студенттер мен мектеп оқушыларының қолдан жасаған бұйымдары мен салған суреттері ел назарына ұсынылды.
Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданды. Осы Заңның негізінде қазіргі күнге дейін республика көлемінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Осыған байланысты облыс орталығында экологияны қорғауға бағытталған көрмеге қойылған әр жәдігер өзіндік сипатымен ерекшеленді. Ұйымдастырушы Татьяна Нетунаеваның айтуынша, экологиялық ахуал - үлкен мәселе. Ол үшін жастардың да сіңіріп жатқан еңбегі аз емес. Бұл күнгі тақырыптық кеш те әсерлі болды.